Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы биыл сегізінші рет ұйымдастырылуда.
Биылғы жылы Қазақстан жұртшылығы Сайын Мұратбековтің “Басында Үшқараның” және “Жусан иісі” әңгімелерін жаппай оқуда.
Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында орны айқын, өз оқырманын көркемдік әлемімен баураған жазушының бірі.
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Бір ел - бір кітап" республикалық акция аясында таңдалған Сайын Мұратбековтің "Жусан исі" повесінен ағылшын тіліне Үздік аударма жасау байқауын жариялаған болатын.
Осыған орай, өз мәресіне жеткен аталмыш шараның нәтижелерімен бөлісуге қуаныштымыз.
- Өзін үздік көрсеткен Мұратбекова Камила байқау жеңімпазы атанды.
- Екінші дәрежелі дипломды Селюк Александра алса,
- үшінші жүлделі орынды Қалиева Әйгерім мен Орал қаласының тұрғыны - Дүйсенгалиева Гүлнар бөлісті.
Біз байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына шын жүректен алғыс айта отырып, жаңа жеңістер мен жемісті еңбек тілейміз!