"Қазақша сөйлесейік" клубының кезекті отырысы Бір ел – бір кітап акциясын жүзеге асыруға арналды. Осыған дейінгі отырыста клуб жұмысын үйлестіруші тарапынан "Бір – ел – бір кітап" акциясының тарихына шолу жасалынып, үй тапсырмасына С.Мұратбековтың "Жусан исі" мен "Басында Үшқараның" повестерін оқу тапсырылған еді. Клуб мүшелері жаппай "Жусан исін" оқыған екен.
Повесті қазақ тілінде оқып бастаған клуб мүшелері өздерінің сөздік қорларын көптеген жаңа сөздермен толықтырды. Ал, орысша мәтінін оқығандар шығарманы өз сөздерімен қазақ тілінде мазмұндап берді. Талқылау барысында бір – біріне сұрақ қойып, шығарманың тақырыбына тоқталды. Шығармадағы кейіпкерлерге жан – жақты мінездеме берілді. "Соғыс" атты зұлматтың әкелетін қасіреті мен жетімдер тағдыры сөз болды. Клуб мүшелері келесі отырыста да аталмыш шығарманы талдауға ұсыныс жасады. Материалды бекіту мақсатында викторина дайындауды да өз мойындарына алды.