Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/nith is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/nith is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2012 жыл 20-сәуірде Қарағанды облысында алғаш рет Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнінің аясында жастардың "Кітапхана түні Гоголевкада" әлеуметтік-мәдени акциясы ұйымдастырылып өткізілді.

Акцияға Қарағанды облыстық мәдениет басқармасы қаржылай қолдау көрсетті.

Акцияның негізгі идеясы – кітап кеңістігін кеңейтуде, оқуды дәріптеуде, бос уақытты тиімді өткізудің жаңа түрлерін ұйымдастыруда кітапхананың және басқа да барлық мүдделерді біріктіріп қызығушылық тудыру.

Кітапхана түні тарихы туралы қысқаша мәлімет. Кітапхана түні 2010 жылы маусым айында мүдделі адамдар тобы ойластырып, жоспарлап facebook әлеуметтік желісіне берген. Қазақстанда кітапхана түнін алғаш рет С.Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасы өткізді.

Мәдениеті жағынан жақын көрші елден келген бұл идея өзінің қажеттілігін көрсетті. Шақырылған қонақтар әсіресе жастар өте қызығушылық танытты. Бүгін біздің жастарды, кітап құмарды шақыруымыз өз мәресіне жетті.

Акция кітапхана алдындағы алаңда сағат 2000-де басталды. Қонақтарды ертегі кейіпкерлерінше киінген жас кітапханашылар қарсы алды. Қонақтар «Бір ел – бір кітап» акциясының театрландырылған ашылуына қатысты. Акция мақсаты қазақстандықтардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, сауаттылықты қолдау, рухани мұраны сақтау, туған тілге деген құрметті дәріптеу.

Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынова бастаған акцияны ұйымдастыру комитеті Оралхан Бөкейдің повесттер жинағы мен новеллаларын жыл кітабы деп таныды. Сонымен акцияның ұраны «Келіңіздер, Оралхан Бөкейді оқиық!» деп аталды.

{gallery}material/nith{/gallery}

Кітапханаға келген жастар онда ұйымдастырылған барлық шараларға: конкурс, саяхат – ойыны, викторинаға белсене араласып, қызығушылық танытты. Бағдарлама жан-жақты және тартымды болды. «Кітапхана түні» бағдарламасында «Гоголь және кейіпкерлері» лотореясы ойнатылды, «Әдеби кафе-бар», «Бізде, біздің айналамызда көктем», «Саяхат – ойыны» ұйымдастырылды. Қатысушылар «Өлкетанушы ата» қонақжайын қонаққа барды, «Библиодрайв» дискотекасына қатысты.

«Кітапхана түні» кезінде «Мені өзіңмен бірге ала кет» кітап шопингі өткізілді және «сен нені оқитыныңды айтам және мен сенің кім екеніңді айтам» деген психологиялық ойын ұйымдастырылды.

«Кітапхана түні» әрбір қатысушыға және оның досына кітапханаға шақыру билеті берілді.

«Кітапхана түні» 2400 аяқталып, соңында «Кітапқа – салют» фейерверк ұйымдастырылды.