Назар аударыңыздар!
Кітапхана ұсынады: 3D форматында мультимедиялық электронды жинақ!
Құрметті оқырмандар!
"Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым" атты поэтикалық марафонның қорытындысы бойынша үздік деп танылған туындыларды 3D форматындағы мультимедиялық поэтикалық жинақ түрінде ұсынамыз. Жинаққа авторлардың өлеңдері мен шара барысында түсірілген бейнекөрініс енгізілген. Берілген өлеңдердің түпнұсқасына авторлар өздері жауап береді.