Кітапханада  көптеген  жылдар бойы қала ұстаздарын ақпаратпен қамтамасыз етіп отыруға бағытандырылған арнайы бағдарлама жұмыс жасайды. Сондықтан абонемент бөлімі осы бағыттағы жұмысын ерекше назарында ұстап ұстаздар мен  оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге асығады.

Осыған орай, 30 қыркүйек күні Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы мамандырылған дарынды балаларға арналған мектеп–интернатында абонемент бөлімінің қызметкерлері 11 сынып оқушыларының арасында "Заң бәрімізге ортақ" атты ақпараттық сағат өткізді. Бұл ақпараттық сағатқа 50-ден астам оқушылар мен, ұстаздар қатысты.

Ақпараттық сағаттың мақсаты:  кітап арқылы  оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту; әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету; баланың бойында еліне, халқына деген патриоттық сезімдерін ояту, елін сүйетін ұрпақ етіп  тәрбиелеу.

Арнайы осы шараға ұйымдастырылған кітап көрмесі арқылы кітапхана қорындағы осы тақырыпқа бағытталған жаңа әдістермен танысуға мүмкіндік туды.

Кітапхана қорындағы әдебиеттермен, жаңа басылымдармен таныстырып кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды. Жасөспірімдердің  назарында  болған   "Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі", "Ужас наркомании",  Ү. Уайдиның "Әдеп әлемі"  оқулықтары болды.

Осындай ақпараттық сағаттардың жасөспірімнің құқықтық сауаттылығын арттыруға үлкен көмек деп ұстаздарда алғыстарын білдіріп   жатты.