Қызсын еңбек, қайнасын күш майданда,

Сыбан білек, түр жеңді, ұлы дүбір шабыста.

Еңбек ері, түс жарысқа, істі үдет қарқында,

Бар күшіңді аямастан жұмса іске тартынба.

                                      (Шахтерлер туралы ән. И. Байзақов)

Құрметті оқырмандар!!!

 Атаулы мерекелердің бірі – Шахтерлер күнімен шын жүректен шыққан құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Қойнауы қазынаға толы Қарағанды жерінің ең басты байлығы, әрі өлкеміздің дамуы мен гүлденуінің негізгі кепілі болған осынау мерекеде Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт және еңбекте жоғары табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!