2013 жылдың 29 наурызында Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы Американдық бұрыш қалалық білім бөлімімен бірлесіп "Тіл мәдениет арқылы" "Язык через культуру" "Language through culture" атты жалпы білім беретін мектептердің ағылшын тілі мұғалімдерінің арасында кәсіби сабақ байқауының іріктеу кезеңін өткізді. Байқау Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің "ҚР мәдени орталықтар мен Американдық бұрыштардағы еріктілік (волонтерлық) еңбек ету" атты грант аясында іске асырылды.

Байқаудың мақсаты: ұстаздың кәсіби шеберлігін жетілдіру, өзге елдің мәдениетінің көрінісіне төзімділік таныту, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдануға қабілетті түлекті тәрбиелеу, елтану мәліметтерін қолдана отырып, сабақ жоспарында шығармашылық тәсілдерін қалыптастыру. Дайындық барысында мұғалімдер кітапханадағы ағылшын тіліндегі әдістемелік және елтану әдебиеттерін, электрондық деректер қорын белсенді қолданды.

"Қазақстан мен АҚШ кинематографы", "Қазақстан мен АҚШ-тағы білім жүйесі", "Қазақстан мен АҚШ-тағы бірінші қоныстар" сынды және т.б. сабақ жоспарлары назарға ұсынылды.

Арнайы шақырылған әділқазы мүшелері: Америка Құрама Штатынан келген ағылшын тілі ұстаздары Анна Труник және Брэндт Уордер, Қарағанды "Болашақ" университетінің профессоры Б. М. Ибраева, №22 орта мектеп интернатының мұғалімі Г. Ю. Надточий және әділқазы мүшелерінің төрайымы, қалалық білім бөлімінің шет тілдер әдіскері В.И. Разумова өз әріптестерін сынға алды. Білім ордасында бас қосқан он қатысушының тоғызы сайыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Яғни, ендігі кезекке жолдама алған мұғалімдер өз шығармашылық жоспарларын мектептерінде ашық сабақ барысында  қорғайды.

Байқаудың қорытындысы бойынша CD қосымшасымен бірге ең үздік сабақтар жоспарының жинағын басып шығару көзделіп отыр.

Басекеге қабілетті маман дайындау мақсатында аянбай еңбек етіп, өскелең ұрпақ санасына тіршіліктің тәлімді тағылымын  ұялатқан ұстаздарымызға сәттілік тілейміз!

Строкова, А. Диалог культур // Индустриальная Караганда. - 2013. - 13 апреля