Қарағандыда алғаш рет Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасында қауіпсіз буккроссинг сөресі ашылды.
Буккроссинг жайлы жалпы әлемде, Қазақстанда, тіпті біздің Қарағандыда да көп айтылып, жазылуда. Буккроссинг әр жерде әртүрлі. Ол жастар қозғалысы ретінде де, Интернеттегі қарым-қатынас клубы ретінде де, кітап алмасу немесе кітап сыйлау акциясы ретінде де бола алады. Ең бастысы, оның мақсаты – оқуды алға ілгерілету. Кітаптар көптеген оқырмандармен оқылу үшін басылып шығады. Егер кітапты оқырманға жеткізудің тағы бір жолы пайда болса, біз, кітапханашылар оны бір ауыздан қолдаймыз! Тек кітапханашылар ғана емес.
"Гоголевкадағы ашық есік күніне" келген қарағандылықтар буккроссингке деген қызығушылықтарын танытып, осы акцияға қатысты. Біздің кітапхана буккроссингтің ресми сайтында тіркелген. 2012 жылдың 11 қазанынан Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында буккроссингтің қауіпсіз сөресі ашылды. Кітапханашы-буккроссершілер осы сөреге кітапханаға оқырмандармен сыйланған кітаптарды қояды. Барлық кітап ресми сайтта тіркелген. Босатылған кітаптар қауіпсіз сөреден оқырмандармен, әсіресе жастармен белсенді түрде таратылуда. Қандай тамаша: кітап алмасу басталды! Адам – қоғамдық тіршілік иесі, сондықтан оқылған кітап туралы пікір алмасу қажеттілігі заңдылық.
Буккроссингтің қауіпсіз сөресі мен біздің мекен-жайымызды еске салайық: Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі 44, Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК, 1 қабат, каталогтар залы.
Келіңіздер! Оқыңыздар! Алмасыңыздар! Байланысыңыздар! Қатысыңыздар!
Гоголевканың есігі барлық оқырманға ашық!