2013 жылы 24 қаңтар күні  Балқаш қаласының алғашқы құрылысшысы, Социалистiк Еңбек Ерi,  Қарағандының дамуына үлкен еңбек сіңірген Василий Иванович Язевтің туғанына 100 жыл толды.

Василий Иванович Язев Мәскеу индустрия-құрылыс техникумын бітіргеннен кейін Қазақстандағы Балқаш мыс алыбы құрылысына жіберілді. Оның барлық еңбек жолы Сарыарқаның ең ірі өнеркәсіптік қалалары Балқаш және Қарағандымен байланысты болды. Балқаш қаласының және Балқаш кен-металлургиялық комбинаты құрылысына үлкен үлес қосқаны үшін Социалистiк Еңбек Ерi атағы берілді.

В.И.Язевтің 60-70 жылдардағы Қарағанды облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқару кезіндегі Майқұдық пен Пришахтинскінің қарқынды тұрғын үй құрылысы салына бастаған уақыттағы еңбегі ерекше аталып өтеді. Оның тікелей қатысуымен Қарағанды дамуының  жаңа Бас жоспары қабылданды.

Василий Ивановичті Қарағандының барлық құрылысшылары жақсы таниды, егер ол  құрылыс басына келсе, шешілмеген мәселелер қысқа мерзімде шешімін тауып жатады.

Қала тұрғындары Василий Иванович Язевтің есімін ұмытпайды. Ол Қарағанды қаласының құрметті азаматы. Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданында оның есімімен аталған көше бар. Өкінішке орай, осы көшенің тұрғын жастары көгалдандырылған, әдемі көшені кімнің құрметіне берілгенін біле бермейді.

Осыған орай, кiтапхана арнайы ақпараттық материалдар дайындап, қызығушылық танытқан оқырмандарға "Сарыарқа" ЭК назар аударуға кеңес бередi.