Құрметті оқырмандар!

Биыл қазақтану ғылымының қара нары, бүкіл саналы ғұмырын шығармашылық пен әдебиетке, ғылым мен мәдениетке арнаған толағай тұлға Ақселеу Сейдімбектің туғанына  80 жыл толады.
Осы мерейтойы аясында кітапханамызда Ақселеу Сланұлының өмірі мен шығармашылығын жан - жақты таныту, оның қайталанбас туындыларын кеңінен дәріптеу мақсатында «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» атты өлкетанулық әдеби – марафоны ұйымдастырылады.
Он айға түрлі тақырыпта, түрлі формада ұйымдастырылатын шараның жоспарымен таныс болыңыздар.

Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеті бөлімінің

жазушы, этнограф-ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің

80 жылдық мерейтойына арналған «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» атты өлкетанулық әдеби – марафон жоспары

Тақырыбы Формасы Мерзімі Серіктестіктер

1. «Алаштың Ақселеуі»

ақпараттық сағат

11 наурыз

Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалы,

 

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы,

 

Қарағанды облысының

жастар рерсурстық орталығы,

 

Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі,

 

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы,

 

Қарағанды қаласының білім бөлімі,

 

Қарағанды облысының ОКЖ,

 

«Жыр- Жауһар» ШО

2. «Қазына қалдырған қаламгер» (Ашық тәжірибе алаңына қатысушы ұстаз «Ақселеу Сейдімбек шығармаларындағы ұлттық болмыс иірімдері» тақырыбында этнограф-ғалымның көркем шығармаларына кеңінен тоқталып, сан қырлы шеберлік қырларына талдау жасау керек. Өз тәжірибесімен бөлісетін қатысушыға 5-7 минут беріледі).

ашық тәжірибе алаңы

12 сәуір

3. Естеліктегі Ақселеу

а) Жазушы, өлкетанушы Өмір Кәріпұлы 

 

ә) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ХХ ғасырдың ғұламасы Темірғали Әбілдаұлы Көкетай

 

б) филология ғылымдарының докторы, профессор Берік Серікбайұлы Рахымов

Тікелей эфирде кездесу

12 мамыр

 

 

10 маусым

 

12 шілде

4. Ақселеу рухының шырақшысы

(Нұр-Сұлтан қаласындағы №54 мектеп-лицейі мен Жаңаарқа ауданындағы Ақселеу Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектептегі А.Сейдімбек музейіне онлайн саяхат)

онлайн саяхат

12 тамыз

5. Қазақ тану ілімінің қара нары

Филология ғылымдарының докторы, профессор Жансая Жарылғапов

Ғылыми дәріс

12 қыркүйек
6. «Аңыз даланың Ақселеуі» кітап көрме Бейне шолу 12 қазан

7. «Арқа даласы – Ақселеу әлемінде»

Мен оқыдым, Сізге де оқуға кеңес беремін

буктрейлер байқауы

10 қараша
8. Ұлы даланың Ақселеуі Әдеби-музыкалық кеш 12 желтоқсан