Қымбатты достар!

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өнер туралы әдебиеттер бөлімі 7 қазан мен 10 қараша аралығында «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты арт-челлендж ұйымдастырып, өткізді. Аталмыш шараға Қарағанды, Қаражал, Балқаш қалаларынан, Қарқаралы ауданы мен Топар, Осакаровка кенттерінен өнерпаздар қатысты. Жұмыстарды сараптай келе тек қырыққа жуық қолөнерші мен суретшінің жұмыстары тақырыпқа сай болды.

Аталмыш шараға қатысушылар жүннен киіз басу, тоқыма тоқу, ағаш ою арқылы жасаған бұйымдарын, бисерден, модельдеу арқылы, оригами өнері, авторлық қуыршақтар, табиғи материалдардан жасалған қолөнер бұйымдарымен қатар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ұсынды.

Бұл игі бастамаға қатысушылардың барлығы жас ерекшеліктеріне қарамастан шығармашылыққа құштар жандар екенін өз өнерлерімен дәлелдеді.

Қатысушылар шығармашылық жұмыстарын Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде #qazart30 және #karlib хэштегтерімен жариялады.

Челленджді тапсырманың тақырыбына сәйкестігі, идеясының өзіндік ерекшелігі, көркемдік орындау деңгейі критерийлерімен бағалаған Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы Темірғалиев Ерсін Манарбекұлы.

«Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» челленджінің жеңімпаздары:

1 орын

  • Аязбай Диас, Қарағанды қ., №17 ЖББОМ, 9 «А» сынып оқушысы

2 орын

  • Рауш Артемий, Қарағанды обл., Осакаровка ауд., Есіл ауылы, №2 ЖББОМ, 7 сынып оқушысы
  • Чернова Елизавета, Қарағанды қаласы, №17 ЖББОМ, 9 «Б» сынып оқушысы

3 орын

  • Сарсенбай Фархат, Топар кенті, ЖББОМ, 9 сынып оқушысы.
  • Жиренов Мұхамедәли, Топар кенті,  ЖББОМ, 9 сынып оқушысы
  • Майпасов Ораз, Қарағанды қ. Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі.

«Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша:

  • Дәулетбаев С.Н. (мурал), Қарақаралы қаласы
  • Жангарашев Б. (ағаш) Балқаш қ.
  • Голикова И. В. (жүн) Қарағанды қ.
  • Саржанова К. Балқаш қ.
  • Ким.А.Г. Қарағанды қ.

Арт-челленджіне қатысушылардың жұмыстарын кітапханамыздың @karlib_kz, Instagram желісінде, Қарағанды ​​ОӘҒК Facebook әлеуметтік парақшаларынан көруге болады.

Өнер әлеміне өз үлестерін қосып жүрген барша өнер сүйер қауымға шығармашылық  шабыт пен жемісті еңбек тілейміз!