Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес шілденің үшінші жексенбісінде жыл сайын Металлург күні атап өтілуде. Онда дәстүрлі түрде көптеген салтанатты іс-шаралар: мерекелік концерттер, құттықтаулар, флешмобтар, металлургтермен кездесулер өткізіледі.

Мереке қарсаңында өлкетану әдебиеті бөлімінде «Құт болып құйылған қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Қазақ даласы – ежелгі металлургияның отаны. Металды балқытып, одан бұйым жасауды ата – бабаларымыз осыдан сан мың ғасыр бұрын меңгерген. Оны археологтар ғылыми тұрғыда дәлелдеп келеді, қаншама құнды жәдігер табылды. «Бұл біздің жеріміздегі дала өркениетінің технологиялық тұрғыда қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді»,- деді Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында. Қазақстан – қазір де қара және түсті металлургияның қайнар көзі. Кәсіпорындар жыл сайын миллиондаған тонна өнім өндіріп, ел қазынасын еселеп отыр

Металдарды балқыту және өндіру жөніндегі кәсіпорындар еліміздің әртүрлі өңірлерінде орналасқан. Атап айтсақ, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Ұлытау, өңірлері.

Металлургия саласының қызметкерлері ерекше құрметке ие, өйткені бұл өнер -металды балқыта білу. Зауыт қызметкерлері Қазақстандағы және барша Орталық Азиядағы жалғыз домна пешінің іске қосылуына, алғашқы қазақстандық шойынның балқытылуына Елбасының өзі қатысқаны туралы осы күнге дейін үлкен мақтанышпен айтып келеміз.

Металлургияның шығу тарихы, оның құрылысы қалай басталғандығы және дамуы, адамдардың ерен еңбегі жайлы кітап көрмесіндегі ұсынылған әдебиеттерден біле аласыздар.

Кітап көрмесіндегі Тұғырұл Қойшымановтың «Қоңырат бөктерінде» (Алматы,1967ж.) кітабы. Бірнеше очерктерден тұратын бұл жинақта автор әйгілі Қоңыраттың ашылу тарихын, оның алғашқы кеншілерінің өмірін қызықты да, тартымды етіп суреттейді. Очерктің тілі көркем, оқуға жеңіл.

«Қазақстандық Магнитка - менің бесігім» (Алматы,1975ж.) Д. Оськин кітабында Қазақстан Магниткасына комсомол жолдамасымен келген барлық бауырлас республикалардың құрылысшылары мен монтаждаушылары ортақ іске өз үлестерін қосты. Бұл кітапта олардың достастығы туралы айтылады. Оның авторы өзінің еңбек жолын осында жұмысшы болып бастаған.

Жазушылар Одағының мүшесі Әмен Әзиев «Қазыналы Сарыарқа» (Алматы,1978ж.)кітабында республика өнеркәсібінің қара шаңырағының бірі Балқаш мыс комбинаты тарихын көп жылдар бойына зерттеп келеді. Автор қызықты да бай материалға сүйене отырып, түсті металлургия алыбының пайда болу, даму жолын тартымды етіп көрсете білген.

 «Қазақстан магниткасы» (Алматы,1983ж.)Жинақ Қазақстан Магнитогорск металлургтеріне, оның құрылу және даму тарихына арналған. Қазақ металлургия зауытының мартен пешіндегі алғашқы балқытудан бастап қазіргі Қарағанды ​​металлургия зауытына дейін - бұл коллекцияда көрсетілген уақыт кезеңі. Еңбек өнімділігі мен кәсіпорын экономикасының тиімділігін арттыру үшін мыңдаған ұжымның күресіне ерекше назар аударылады.

«Қазақстанның болат профилі» (Алматы,1985ж.) Н.Ә.Назарбаевтың еңбегінде Коммунистік партияның ерік-жігерімен құрылысшылар мен металлургтердің ерен еңбегімен барлық одақтас республикалардың бауырластық көмегі арқылы  Қарағанды ​​маңындағы Теміртау қаласында  металлургия зауыты салынып, іске қосылды. Қысқа уақыт ішінде ол толық металлургиялық циклі бар заманауи ірі кәсіпорынға айналды. Өзінің еңбек жолын зауытта бастаған автор осы жас кәсіпорында көптеген жетістіктердің қатысушысы және куәгері болды. Оның кітабы Қазақстан Магнитогорскінің құрылысы мен дамуының, оның көпұлтты ұжымының қалыптасуының, зауыт жұмысшыларының шығармашылық ойлары мен бастамаларының өркендеуінің және социалистік жарыстағы табыстарының айғақты куәсі болып табылады.

«Балқаш металлургиясы» (Қарағанды, 2003ж.)Совет Қауқарбекұлының  кітабы бұрынғы Кеңес Одағы мен Еуропадағы ең ірі Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының құрылысы мен даму тарихына арналған және металлургияның өнеркәсіптік орталығын салған алғашқы құрылысшылардың ерен еңбектері туралы айтылады. Автор көптеген кітаптарды, тарихи мұрағат құжаттары мен БАҚ материалдарын, қала ардагерлерінің естеліктерін пайдаланған.   

Құрастырушы Ш.Қ.Рахметов «Отты бұлақ бастауында» (Алматы, 2004ж.) кітабы Қазақстан металлургиясының кіндігі – қарт Жезқазған екендігі дүние жүзіне белгілі. Өйткені Қазан төңкерісінен бұрын да шетелдік алпауыттар осы өңірдің ғажайып байлығының дәмін татып қалып еді. Ал кешегі Кеңес Одағы кезінде Жезқазған, Атбасар, Қарсақбай, Қоңырат кеніштері Қаныш Сәтбаев бастаған ғұламаларды әлемге әйгілі етіп қана қоймай, қазақ металлургтерінің бірнеше толқынын тәрбиелеп шығарды. Кітап қызғылықты дерек, терең пайым, ойлы пікірлермен өрнектелген.

«Қазақстан металлургиясы: жағдайы, инновациялық әлеуеті, даму тенденциясы» (Алматы,2005ж.)Димкеш Мұқановтыңмонографиясында  отандық металлургияның Қазақстан экономикасындағы және дүниежүзілік металлургия нарығындағы рөлі мен орнын көрсетеді. Шикізат базасының күйін, сонымен қатар металлургия өнеркәсібінің құрылымдық, өндірістік және технологиялық сипаттамаларын талдау. Жаһандану жағдайында саланың инновациялық дамуының қиындықтары мен мәселелері қарастырылады. Саланың инновациялық әлеуетінің деңгейі және ғылымды өндіріспен нығайту тетіктері көрсетілген. Саланы мемлекеттік реттеуді оңтайландыру бойынша ұсыныстар берілген.

Жыл сайын металлургия күніне орай мерзімді басылым беттерінде мақалалар жарияланып тұрады. «Орталық Қазақстан» газетінің 2019 жылғы 20 шілдеде жарық көрген Ә.Әбдіраштың  «Мыс балқымасы молайды» мақаласында екінші рудотермиялық пеш жаңғырылып, қайта қатарға қосылғаннан кейін Жезқазған мыс қорыту зауытының   шақпақ мыс шығаруына мүмкіндік алғаны баяндалған болса, ал  Қ.Аманқұлдың «Брендке айналған Балқаш мысы» мақаласында мыс балқыту ісінің қыр – сырына тоқталады. Газетіміздің 2020 жылғы 18 шілдеде жарыққа шыққан Ә.Әбдіраштың «Балқыма бапкерлері» мақаласында қазір кәсіпорын бұрынғы пирометаллургиялық тәсілмен шығарылатын тауарлы өнімнің бапкерлері жайында сөз қозғайды.

Көрмеде ұсынылған әдебиеттер  көпшілік оқырман қауымға арналған.

Құрметті оқырмандар, көрмеден тау-кен өндірісінің іргесін қалаған кезеңнен бастап, қазіргі металлургия өндірісінен қызықты оқиғалар мен деректерге толы кітаптармен танысасыздар.

Сіздерді өлкетану әдебиеті бөлімінде күтеміз, келіңіздер, оқыңыздар, пікір алмасыңыздар!

 

Өлкетану әдебиеті бөлімі Алпысбаева Б.А.