Біздің кітапхана  Бүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күніне орай «Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы аясында «Кітапханалық терапия» акциясын ұйымдастырды.

Иә, кітап - жанға шипа, көңілге медет. Сондықтан да біз «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының №1 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ кітапханасына қазақстандық авторлардың қазақ, орыс тілдеріндегі қызықты шығармаларын және «Қасым» Республикалық әдеби-қоғамдық журналын сыйға тарттық.

Сыйымызды қабыл алыңыздар!