2006 жылдың 8 ақпанында кітапхана жанынан "Жыр-Жауһар" поэзия клубы құрылған болатын. Клубтың ашылуы ақиық ақын М.Мақатаевтың 75 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген еді.

Клубтың мақсаты – жыр жазуға құлшынысы бар, талабы биік таланттарды қолдау, Алаштың атын аспандатқан қазақтың ақындарының өлең-жырларын дәріптеу, жастарды кеңге құлаш жайған қазақ поэзиясына баулу болып табылады.

"Жыр-Жауһар" поэзия клубының бүгінгі қарқыны көңіл марқайтып, көз қуантады. Клуб мүшелері республикалық, облыстық деңгейдегі мүшәйраларда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Жас ақындардың өлеңдері республикалық, облыстық басылым беттерінде жиі жарияланып, алғашқы жыр жинақтары да жарық көруде. Аймақта өткізілетін барлық әдеби, мәдени шараларға белсене ат салысып, өңірдің рухани өміріне өз үлестерін қосуда.

2016 жылдың қазан айында Жыр – Жауһар клубы 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Бүгінде Арқа еліне ғана емес, Республика көлеміне танымал аталмыш клубтың ашылғанына 15 жыл толып отыр. Шығармашылық орталықтың жеткен жетістіктері мен алған асуларын насихаттау, жастарды қазақтың әдеби әлемімен таныстырып, кітап оқуға тарту мақсатымен биылғы жылға кешенді жұмыстар қолға алынды.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының

"Жыр-жауһар" шығармашылық орталығының 15 - жылдығына арналған ІС-ШАРАЛАР

 

Іс-шара атауы

Өткізу түрі

Орындау мерзімі

Жауапты

Іс-шараларды ақпараттық қолдау

 1.

Іс-шаралар жоспарын дайындау

Кітапхана сайтында слайдер мен іс-шаралар жоспарын орналастыру

қаңтар

Кітапхана ісін автоматтандыру бөлімі

 2.

Көпшілік іс-шараларды ақпараттық қолдау

Кітапхана веб-сайтында іс-шаралар өткізу туралы жаңалықтар мен шолуларды орналастыру, БАҚ үшін баспасөз парақтарын дайындау

Өткізілуіне қарай

Қызмет көрсету бөлімдері

3.

"JYR JAUHAR"

Ютуб арнасын ашу

Жыл бойы

Абонемент бөлімі

Мәдени-көпшілік іс-шаралар

 4.

"Жыр-Жауһардың жемісі"

Кітап көрмесі

Жыл бойы

Абонемент бөлімі

 5.

Жастар библиосейшны = Молодежный библиосейшн

Әдеби-сазды кеш

Жыл бойы

Абонемент бөлімі

 6.

"Жауһар-жүздесу" кездесулер циклі

Онлайн кездесу

Жыл бойы

Абонемент бөлімі

 7.

"Жамбылдың жыр жиһаны"

Әдеби-сазды кеш

ақпан

Абонемент бөлімі

 8.

"Өміріммен өтер болды-ау бұл өлең"

М. Мақатаевтың туғанына 90 жыл

Поэзия кеші

ақпан

Абонемент бөлімі

 9.

"Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін!"

Мерейтойлық кеш

сәуір

Абонемент бөлімі

 10.

"Поэзия әлемі"

Поэзия челленджі

қаңтар-шілде

Абонемент бөлімі

 11.

"Қош келдің, Наурыз!"

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау

наурыз

Абонемент бөлімі

 12.

"Шығармашылықтан әдебиетке дейін: даңққа немесе өзіңе апаратын жол?

Онлайн кездесулер

(танымал тұлғалармен)

сәуір

Абонемент бөлімі

 13.

"Ақселеу биігі"

Ақселеу Сейдімбекке арналған

Жыл бойы

Абонемент

бөлімі

 14.

"Жұбымыз жазылмасын"

15 – сәуір (Қозы мен Баян күніне орай кездесулер)

Сәуір

 

Абонемент бөлімі

 15.

Облыстағы басқа клубтармен бас қосу

Форум

мамыр

Абонемент бөлімі

 16.

"Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат"

"Жыр Жауһар"

клубының отырысы

3 мамыр

Абонемент бөлімі

 17.

"Өлмейтұғын артына сөз қалдырған"

Абай күніне арналған

Поэзия акциясы

5 тамыз

Абонемент

 18.

"Қасым Аманжоловты оқимыз"

Республикалық желілік марафон

қыркүйек

Абонемент бөлімі

 19.

"Сен деп жырлаймын, Жыр-Жауһар!"

Гала концерт

қыркүйек

Абонемент бөлімі

 20.

"Сен деп жырлаймын, Қазақстан!"

Поэзиялық батл

қараша

Абонемент бөлімі