Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2020_seminar is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2020_seminar is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Төтенше жағдай мен карантин кезеңі басталғалы облыс кітапханалары 2020 жылдың 16 наурызынан бастап онлайн режимінде қызмет көрсетуге көшкен болатын. Қарағанды облысының кітапханалары оқырмандар үшін жаңа форматта көпшілік іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтар, кездесулер, кітап көрмелері, байқаулар және т.б. өткізуде.

Кәсіби қарым-қатынас та онлайн режимге ауыстырылды. Карантин уақытында облыстық кітапхана «Қарағанды облысының кітапханаларында Жол картасын жүзеге асыру» бойынша дөңгелек үстел, Шахтинск ОКЖ басшысы И.А. Калининамен карантин жағдайында жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісу мақсатында онлайн-кездесу, ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай «Конституция және қоғам. Тәуелсіздікке тарихи қадам» облыстық семинарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері ҚР ҰАК ұйымдастырған халықаралық онлайн-семинарларға қатысып, «Әлеуметтік желілердегі өлкетану контенті» (Пак В.И., 29 мамыр, 2020 ж.), «Кітапхана ресурстарына онлайн-қол жеткізу» (Ақшалакова А. Р., 9 маусым, 2020 ж.) тақырыптарында баяндамалар жасады.

2020 жылдың 18 маусымында кітапхана Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сандық форматтағы ақпараттық ресурстар кітапханаларды дамыту трендтерінің бірі: Қарағанды облысы кітапханаларының тәжірибесінен» атты практикалық онлайн-семинар өткізді. Zoom платформасына қосуды ҚР ҰАК жүзеге асырды.

ҚР ҰАК аймақаралық ынтымақтастық мақсатында осындай кәсіби кездесулер өткізуді дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр. Алғашқы кездесуді ұйымдастыру әрі өткізу – Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына жүктелуі біз үшін үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік.

Семинарға Қазақстанның облыстық кітапханаларының, Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің өкілдері қатысты.

Семинардың ашылуында:

сөз сөйлегендер

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы
Еркебұлан Жұмакенов
Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының басшысы, профессор, педагогика ғылымдарының докторы Үмітхан Мұңалбаева

Онлайн-семинардың модераторлары:

 
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы
Аманжолова Дина Базарбайқызы
ҚР ҰАК пайдаланушыларға қолдау көрсету қызметінің басшысы
Текесбаева Нұрбала Нұртайқызы
ҚР ҰАК ақпараттық-библиографиялық сервис қызметінің басшысы
Даумова Жанар Сабешқызы

Спикерлер:

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғылыми хатшысы
Пак Валентина Иосифовна
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы
Телпекбаева Сандуғаш Орынбайқызы
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы
Уатаева Баян Қуанышқызы
Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы
Власова Лидия Владимировна
(Қарағанды облысы)
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы
Түгелбаева Ғалия Өмірзаққызы
(Қарағанды облысы)

Семинарға қатысушылар ақпараттық ресурстарды құру және генерациялау мәселелерін, өлкетану ақпаратын ілгерілетудегі жаңа тәсілдерді, балалардың кітап оқуының және т.б. мәселелерді талқылады.

Қатысушылар карантинге қарамастан, облыс кітапханаларының цифрлық ортада өз қызметтерін жандандырғанын айта кетіп, өздерінің интеллектуалды және шығармашылық қарым-қатынас орталықтары мен мәдени бос уақытты ұйымдастырудағы көмекшілер екенін мәлімдеді.

Семинарда ҚР ҰАК басшысы Ү. Мұңалбаева мен семинар спикерлері арасында балалар әдебиеті, балалардың кітап оқуы, «Сыйға тартылған кітаптар» мақсатты қорларын қалыптастыру және т.б. мәселелері бойынша диалог өтті.

{gallery}material/news/2020_seminar{/gallery}

Семинар қорытындысы бойынша Қарар жобасы қабылданды.