Мемориалдық музей Гоголь көшесі бойындағы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ бірінші ғимаратының екінші қабатында орналасқан. Музей аумағы 342 ш.м. Университеттің 20 жылдық мерейтойына байланысты 1992 жылы 19 маусымда ашылған. Музей 6 экспозициялық залға бөлінген. Бұл залдарда университеттің бірінші ректоры Ебіней Бөкетовтің өмірі мен қызметі туралы экспонаттар сақталған.
Е.А. Бөкетовтің мемориалдық музейі Қарағанды қаласының тарихи және рухани орталықтарының бірі.
Ендеше ғылым мен білімді дамыту арқылы жас ұрпаққа айқын жол салып кеткен Евней Арыстанұлы Бөкетовтың 95 жылдық мерейтойына орай «Тұғырлы тұлға» атты фотоэкскурсияны бірге тамашалайық.