Бірге үйде отырып оқиық, талдайық, пікір жазайық!
Өткен тарих беттерінен
Құрметті оқырман қауым! Өлкетану әдебиеті бөлімі қорындағы 1961 жылы Алматы қаласы, Қазақ ССР ғылым академиясының баспасынан шыққан «Қарағанды жұмысшыларының әңгіме-жырлары» кітабын оқуға ұсынамыз. Өткен тарихты білгеніміз абзал дегіміз келеді.
Қарағанды қаласының пайда болуы Қарағанды көмір бассейнінің ашылуы, көмірді барлау мен өндіру тарихымен тығыз байланысты. Революцияға дейінгі кезеңнің өзінде Спасск мыс балқыту зауыты үшін көмірді қарапайым тәсілмен өндіру жүргізілген.
Жинақ 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ел арасына кең тараған революцияға дейінгі жұмысшылардың ауыр халін баяндайтын әңгімелер енгізілген. Екінші бөлімде революциялық мотивтегі жырлар, совет дәуіріндегі жұмысшылар арасындағы айтылып жүрген өлең-жырлар. Қарағанды шахтасы мен шахтерлерінің өмірін көрсететін поэма мен айтыстар берілген.
Сол заманның қарт кеншілердің әңгімелері мен өлең-жырлары Қарағандыдағы қазақ жұмысшыларының өмірі мен дүниеге көзқарасын баяндайды.