Құрметті оқырмандар! Технологиялары мен мүмкіндіктері жоғары дамыған ғасырда әлемнің мұражайларына, көрмелеріне және басқа да мәдени орындарына онлайн-саяхат жасай аламыз. Біздің кітапхана әрқашанда өз ойларымен және қызықты оқиғаларымен сүйікті оқырмандарымен бөлісуге дайын.
Бүгінгі оқиғаға байланысты уақытты тиімді өткізгісі келетіндерге біз Дүниежүзілік сандық кітапхананың сайтында ұсынылған материалдармен танысуды ұсынамыз.
Дүниежүзілік сандық кітапхана 7 тілде оқылатын әлемнің 193 елінің цифрланған қолжазбаларына, кітаптарына, фотосуреттеріне және мәдени нысандарына ақысыз қол жеткізуді ұсынады. Бұл ресурстардан нені табуға болады?
Мысалы: Қазақстан Ұлттық кітапханасы ұсынған философ Қожа Ахмет Яссауидің «Жүрек айнасы тезисін», Бавария мемлекеттік кітапханасы 1580 жылдан басталған Осман империясының костюмдері мен әдет-ғұрыптарының 400-ден астам иллюстрацияларын қамтитын «Батыс және Шығыс Еуропа, Шығыс Америка және Африка елдерінің ХVI-шы ғасырдағы костюмдер мен жанрлық кескіндемелері» қолжазбаларын техникалық мүмкіндіктердің арқасында көруге болады.
Әлемнің басқа мәдени қазыналары үшін ұзақ сапарға шықпай –ақ, тек мына сілтемені басып саяхаттауға да болады– wdl.org
Біз ұсынған ақпарат оқырмандарымыз үшін қызықты әрі пайдалы болады деп сенеміз. Пікірлеріңізбен және алған әсерлеріңізбен бөлісе аласыздар.
Оқу залдары бөлімінің басшысы Исина А. Қ