Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/2020_rymzhanov_1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/2020_rymzhanov_1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

25 ақпан күні кітапханамызда Қаз ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының басшысы болған Мақат Рымжанұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Мәдениет ғұламасына тағзым» атты еске алу кеші өтті.

{gallery}material/2020/gallery/2020_rymzhanov_1{/gallery}

Кеш қонағы «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Рымбала Кенжебалақызы Омарбекова, Мақат Рымжанұлының облысымыздың мәдениет пен өнер саласына сіңірген еңбегімен, әрқашан аға ретінде қамқоршы ұстазы болғанын, адамға деген ізгі пейілін ерекше ілтипатпен әңгімеледі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Нарымбайұлы М.Рымжановтың театр ұжымын басқарған жылдардағы театрдағы  әр бір қойылымға байсалды баға беріп, театр ұжымының өркендеуіне зор үлес қосқаның атап өтті. Қаламыздың мерзімді басылымдар бетінде, мәдениет қайраткері туралы мақала жазған журналист Серік Сексенұлы ол кісінің бастан кешкен өмір тарихы туралы былай деді: Жастайынан кызметке араласып, ерте есейген, табиғатынан сергек болған М.Рымжанов өнерге тым жақын болып өскен, домбыра тартып, ән айтқан, сонымен қоса, бір неше пьеса, фельетондар жазғанын олардың бәрі 1939-2000ж Қарағанды мемлекеттік мұрағатының қорында сақтаулы екенің айтты. Тележурналист Әли Тойжігітов «Тұғырлы тұлға» жайлы өзінің кітабында «Абыздан шыққан Абыз» әңгімесің не себептен М.Рымжановқа арнағанын,   жас маман болып келгенде көп көмектескенін, ағалық қамқор көргенін, шараға келген жас оқырмандарға келешекте сабақ болсын деген оймен қызықты етіп баяндап берді. Кешімізге келген Қарағанды облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Жанагүл Жәрекқызы мұрағаттың қорындағы М. Рымжановтың фоталар мен құжаттарын оқырмандарға көрсетіп, жаңа деректермен толықтырылғанын айтып, қажетті мағлұматтарды келешекте  пайдалануға болатынын ескертті.

{gallery}material/2020/gallery/2020_rymzhanov_2{/gallery}

Жиналғандар назарына Мақат Рымжановтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылып, «Ұлтым деп соққан жүрегі...» атты қызықты және танымды викторина ұйымдастырылды. Кеште Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Құрмаш Ыбышев және Тәттімбет атындағы колледждің жас әншілері, №1 Балалар музыка мектебінің «Думан сазы» фольклорлық ансамблі жетекшісі Ернат Узалин, күйші  Манап Бағдатұлы,  кітапханамыздағы «Жыр-Жауһар» клубының мүшесі, жас ақын Е.Елеусізұлы өлеңін оқып, кеш ән мен күймен әрленіп отырды.

{gallery}material/2020/gallery/2020_rymzhanov_3{/gallery}

Бүкіл саналы ғұмырын Қазақ өнері, оның ішінде Сарыарқаның мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға М.Рымжанов жайлы білгілеріңіз келсе кітапханамызға келіңіздер, құрметті оқырмандар!

Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің басшысы Оспанкулова Б.З.