Бейбітшілік пен татулықты көздің қарашығындай сақтауды алдына мақсат етіп қойған ел, әр уақытта да лаңкестік әрекеттерден сақтанады. Себебі, қандай ел болмасын халықтың амандығы мен бостандығы басты назарда болмақ. Дүниені дүр сілкіндіретін террорлық қатыгездік, өлім мен қастандыққа толы әлем, алдау мен арбау, тура жолдан адастыру сияқты теріс бағыттағы діндер қоғам үшін қауіпті. Қоғамда сақтық шараларын насихаттау біздің адами парызымыз.
Кітапханамыздың оқу залдары бөлімінде «Болашақ – терроризмсіз, терроризм – болашақсыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты - қоғамның қауіпсіздігі, террорлық іс әрекеттерден бойды аулақ ұстап, рухани тұрғыда кітаптардан қажетті мағлұмат алу.
«Террор» сөзінің латынша мағынасы үрей мен қорқыныш. Адамның санасын адастырып, оны қылмыстық әрекеттерге итермелеу, жазықсыз халықты өлтіру, не болмаса қару жарақтармен жарып жіберу терроризмнің басты мақсаты.
Сақтық шараларын насихаттау барысында «Болашақ – терроризмсіз, терроризм – болашақсыз» атты кітап көрмемізді үш бөлімге жіктеп қарастырдық.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдеде шыққан «Терроризмге қарсы іс қимыл» Қазақстан Республикасының Заңы және 2005 жылғы 18 ақпанның да жарияланған «Экстремизмге қарсы іс қимыл туралы» заңдар жинағы адамның жеке бас бостандығы, конституциялық құрылыс негіздерін қорғау, Қазақстан Республикасының егемендігін, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қарастырған. Ә.Б. Тоқсанбаевтың «Терроризмге жол жоқ» атты кітабында қоғамдық өміріміздің барлық саласындағы қазіргі жағдайда өткір қойылып отырған мәселелерге, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы мен Интерполға мүше мемлекеттердің ұлттық орталық бюроларының халықаралық қылмысқа қарсы тұруы туралы баяндалған. Р.А. Нұртазинаның «Национальная безопасность Республики Казахстан» атты кітабы ұлттық қауіпсіздік туралы ақпараттармен толықтырылған.
Көрменің екінші бөлімінде исламның шынайы келбеті мен жалған «діншілдердің» ара жігін ажырататын «Жастар және қазіргі заманғы әлемдік мәселелер» тақырыбындағы Республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдарына талдау жасалса, Қ.Рахмановтың «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы» кітабында лаңкестік әрекеттер – адамзатқа қарсы жасалған қылмыс екендігі баяндалады. «Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің рөлі» конференция мақалалары келісім мен төзімділік сананы қалыптастыруды насихаттау шараларын жүргізу болып табылады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қоғамдағы дәстүрлі діндердің рөліне тоқталады.
Үшінші бөлім қорытындылау, нақтылау барысында мерзімді басылым беттеріндегі жарық көрген мақалаларда көрмеміздің төрінен орын алады. «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» халықаралық ғылыми – көпшілік журналында А.Е. Оразович пен А.С. Есбергенулының «Не дать прорасти корням терроризма» атты мақаласы терроризмнің мемлекет үшін қауіпті екендігі және оның тамырын уақытында жою керектігі, дінді бұрмалаған террорларға алданып қалмауларын ескертеді. Сонымен қатар мерзімді басылымдар бетіндегі материалдардан да осы өзекті мәселеге байланысты ақпарат алуға болады. 2020 жылғы 17 қаңтарында «Заң» газетіндегі А. Кеңесбайдың «Сирия сергелдеңі», 2019 жылдың 29 наурызындағы «Юридическая газета» басылымының Д. Эмирдің «Создавая эффективный механизм противодействия» атты мақалаларында террорлық әрекеттерден сақтанып жүру жайлы толымды ақпарат берілген.
Елдің амандығын, қауіпсіздігін жоғары қоятын, оқырман қауым! Террорлық әрекеттер жайлы ақпарат алғыңыз келсе, кітап көрмемізбен танысыңыздар!
Халықтың амандығы – Отанымыздың амандығы!
Мерзімді басылымдар секторы: Жаркеева Г.А.