Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/2020_serik is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/2020_serik is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Биыл Арқаның ақиық ақыны Серік Ақсұңқарұлының мерейтойы!

Қазақ поэзиясының ұлы көшіне өзіндік  ерекшелігімен, өз бояуымен келіп қосылған ақындық қуаты бұл күнде оқырман қауымға кеңінен таныс.

Осыған орай, кітапханамыздағы өнер туралы әдебиеттер бөлімі ақының шығармашылығына байланысты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге кітапханамыздың кітап қорындағы оқырмандар іздеп жүріп оқитын, бүгінгі таңда жастардың рухани қазынасына айналған ақының кітаптары қойылды. Олар "Жез тасқын", "Қызыларай", "Ғасырлар кардиограммасы", "Адам Ата – һауа Ана", "ХХ ғасырдың сәті", "Қыпшақ хиссасы", "Төбемнен жауһар жауып тұр". Осы сөзімнің дәлелі жас жазушы Аягүл Мантайдың Әдебиет порталындағы: ақының шығармашылығы туралы мақаласында: "Мысалы, Қарағандыны Серік ақынсыз елестету мүмкін бе? Меніңше, жоқ! Бәлкім, ол қала Серік ақынмен айбатты шығар, Серік ақынмен рухты шығар?!" деп жазған.Ал, жазушы Мұхтар Мағауинақын С. Ақсұнқарұлы туралы "Мағжан –ХХ ғасырдың, Серік –ХХI ғасырдың ақыны" - деген екен.

Сегіз қырлы бір сырлы Серік Ақсұңқарұлының Сарыарқа елінің ән өнеріне де қосқан үлесі зор. Халық арасында кеңінен тараған бірнеше  әннің авторы осы ақын екені баршаға мәлім. Атап айтсақ: "Сарыарқаның сәукелесі" атанған киелі өңір Қарқаралы топырағы талай ақынды шабыттандырған. Қасиетті жердегі аңызға айналған "Шайтанкөлді"бүкіл әлем біледі. Осы көлді қаламына қосқан Серік ақынның бойындағы сұлулық деп соққан жүрегінің тағы бір айғағы. "Шайтанкөл" әнін орындаған Арқа ән өнерінің дамуына үлес қосқан, дәстүрлі өнерді дәріптеген әнші-ұстаз, Мейірхан Адамбеков болатын.

Және де Кеншілер шаһары Қарағанды қаласының бойтұмарына айналған "Қарағанды вальсі" әні көпшіліктің көңілінен шығып, орындаған қаламыздың жез таңдай әншісі Меруерт Башай.

Сондықтан да "ұлын ұлықтай алатын ел ғана озады" - демекші, кітапханамызға келіп Серік Ақсұнқарұлының өлеңімен өрнектелген поэзия әлемімен таңысыңыздар!

{gallery}material/2020/gallery/2020_serik{/gallery}

Келіңіздер! Қапы қалмаңыздар! 

 Өнер туралы әдебиеттер бөлімі
Оспанкулова Балжан