Назар аударыңыз! Байқау!

Қазақтың ХХ ғасыр басындағы саяси ерiк-жiгерiн ұлт қызметiне арнаған, осы ұлы мұратта жанын пида еткен аяулы күрескерлерiнiң бiрi Нығмет Нұрмақовқа биыл 125 жыл.

Аталмыш датаға Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен біздің кітапхана «Туған халқының қайтпас қаһарманы» атты облыстық буктрейлер байқауын жариялайды.

Байқау ҚР мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қарағанды облысы кітапханаларының жас мамандары арасында өтеді.

Байқаудың мақсаты - Н.Нұрмақовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.

Құрметті әріптестер! Қатысыңыздар! Талқылаңыздар! Жеңімпаз болыңыздар!

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың 125 жылдығына арналған «Туған халқының қайтпас қаһарманы» атты жас кітапханашылар арасында буктрейлер құру байқауының ЕРЕЖЕСІ

 Жауапты:

өлкетану әдебиеті бөлімі