Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/kesh1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/kesh1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Қаңтар айының 24-ші жұлдызында сағат 18:00 мен 22:00 аралығында Қарағанды облыстық Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында "Кешкі P.S." атты кешкі жастар библиосейшн ерекше форматтағы шарасы өтті.

Кітапхана кеші бейресми жағдайда өтіп, қаламыздағы қызықты, жан-жақты адамдарымен кездесу мақсатында барлық тілек білдірушілерді жинады.

Әр айдың үшінші жұмасында кітапхана есігі кешкі уақытта ашылады. Сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін қаламыздың креативті, жігерлі, білімді, жастары және жай ғана мейірімді тұрғындары үшін кітапхана аумақтары ұсынылатын болады. Абонемент бөлімі әдеттегі жұмыс кестесінен тыс сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

24-ші қаңтарда өткен бірінші кештің ашылуы "N band" шығармашылық музыкалық жобасының қатысушыларына, Леон Баттист атындағы оқырман клубының жастары – "Болашақ" Академиясының студенттеріне ұсынылды.

"N band" музыкалық дуэті - қос жұптан құралған топ, Павел мен Алена Нечаевтер өмірдегі әрі өнердегі жас жұбайлар. Оларды тек поэзия ғана емес, бір октавадағы – Махаббат салынған музыкалық гаммадан жасалған кенепті бейнелейтін екі суретші ретінде байланыстырады. Осы тамаша дуэттің арқасында кітапханада олардың өнердегі достары Вадим Ким, Сергей Тен, Федор Снегерев авторлық әндерін орындап, өз өнерлерін ортаға салды.

{gallery}material/2020/gallery/kesh1{/gallery}

Сонымен қатар, музыкалық бағдарламаның қатысушылары: Павел мен Алена Нечаевтер, Вадим Ким кітапхана қорына қолтаңбалары берілген кітаптарын сыйға тартты.

Аталмыш шарада "Жасырын кездесу" көрмесі көпшіліктің қызығушылығын оятты. Көрмені А. Мухамеджанов, Р. Ахмалтдинов, Ж. Жорабеков ерекше ықыласпен безендірді. Бұл жас балалар өз бетінше "1%" жастар бірлестігін құрып, ерікті түрде Леон Баттист атындағы оқырман клубын  ұйымдастырғанын тілге тиек етуімізге болады. Кеш қонақтары үшін кішкентай қызықты аннотациясы бар бірдей қағазға оралған кітаптар ұсынылды.

Тағы бір айта кетерлігі, дәл осы шарада жұлдыздардың барлық әуесқойлары үшін телескоп арқылы түнгі аспанды көру мүмкіндігі ұсынылды. Халықаралық кітап бөлімінде "Миллениалдар кеші" өтті, қонақтар ағылшын тілінде сөйлеу клубының отырысына қатысты, караокеде ән шырқады. "Лингвоквест" қатысушыларға өз білімдерін үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрсетуге зор мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл кеште «Мафия» ойыны келген қонақтардың көңілін көтеріп, жағымды эмоция сыйлады.

{gallery}material/2020/gallery/kesh{/gallery}

Осы кешке келгендердің барлығы жақсы көңіл-күймен және жылы достық атмосферада жақсы уақыт өткізді. Кешкі бағдарлама  соңында келген қонақтар: "Келесі айда не күтіледі?" деген сауалдарын қойды. Әрине, кітапхана алдағы уақытта да осы бағытта жұмыс істейтін болады және қызыққа толы әр түрлі іс-шаралар өткізеді деп күтілуде.

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы біздің шақырылған қонақтарымызға белсенді қатысқаны үшін және кеш өткізуге көмектескені үшін шын жүректен алғыс білдіреді және әрі қарай жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.

Кітапхана өмірге ғашық адамдар үшін бақытты кездесулерге қызмет етеді!