Жыл сайын 18-қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың төралығымен Бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады. Рухани келісім ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық - тұғырымыз.
Кітапхананың оқу залында дінаралық келісім күніне арналған көпшілік оқырманға арналған «Рухани келісім әлеміндегі Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көпшілікке арналған кітап көрмесінің басты мақсаты: діни сенімдері мен дәстүр-салты өзге болса да, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері қоғамдық тұрақтылық пен келісімді ұстануын жастарға тағылымды кітаптар арқылы жеткізу.
Көрме төрінен орын алған «Дінтұтқа» кітабы рухани келісім әлеміндегі Қазақстанды дәріптейтін Әлемдік және дәстүрлідіндер көшбасшылары съездерінің он жылдығына орай жарық көрген туынды. Бұл кітап 2013 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы мен Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің қолдауымен жарыққа шыққан. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төрт съезі өтті. Олардың бәрі де нәтижелі аяқталды. Бүгінде Қазақстан әлемдегі дінтұтқа елге айналды. Біздің бұл биікке жетер жолымызды көрсететін кітабымыздың «Дінтұтқа» деп аталғаны да сондықтан.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы 2003 жыл» кітабында елімізде және шетелдерде Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген басты іс-шаралар жайында баяндалған, сонымен қатар осы кезеңдерде Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген толыққанды сөздерінің мәтіндері берілген.
«Қазақстан халқы ассамблеясы этноконфессионалдық келісімді нығайту және дамыту институты ретінде» басылымда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің негізінде 2015 жылдың 26 маусымында өткен Қазақстан халқының Ассамблеясы жылына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның ғылыми мақалаларының тезистері жарияланған.
«Н.Назарбаев-этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін негізін қалаушы» кітабында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан бүкіл әлемге этносаралық қатынастар төңірегіндегі тиімді саясаткер екенін дәріптеген кітап.
Бұлытайдың кітабы «Дін мен Ұлт» кітабы ұлттық бірлік пен егемендіктің сақталуы, зайырлы да өркениетті қоғам орнатуы болып табылады.
Б.Төлепбергеннің «Ұлттық идея-тәуелсіздік тұғыры» кітабы ел тәуелсіздігінің тұғыры –қазақтың ұлттық идеясы қызықтыратын тәуелсіздік алған жылдардан бергі уақыттағы қоғамдық-саяси құбылыстарды публицистік тілмен саралайды.
Кітап көрмесінде қорымыздағы мерзімді басылымдар беттеріндегі материалдар да ұсынылған. Облысымыздың бас газеті «Орталық Қазақстанда» 2017 жылдың 19 қазанындағы С.Ильяшеваның «Дін – татулық тұғыры», «Қала мен дала» газетіндегі 2019 жылғы 20 қыркүйектегі А.Айталының «Дінаралық келісім адамзаттың ғасырлар бойғы асыл арманы» атты мақалалары оқырман көңіліндегі көптеген сауалдарға жауап берері сөзсіз.
Атадан қалған мұраны, аманатты сақтау біздің салтымызға айналған. Ең бастысы рухани және діни құндылықтарды қастарлеп, ұлттар арасындағы сенім мен сыйластықтың арта түсуіне мүмкіндік жасау.
Рухани келісім күніне арналған кітап көрмесімен танысып, ой бөліскіңіз келсе кітапхананың оқу залдары бөліміне шақырамыз!
Оқу залдары бөлімі кітапханашысы, А.Ж.Искакова