[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2019_abaichz is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Төл әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы - ұлы ойшыл Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты.
Абай шығармалары – жалпы адамзатқа ортақ рухани жауһарлар. Абай – қазақ үшін бір ғана әдебиеттің ауқымына сыймайды. Ол – күнделікті тіршілігімізді, қарақан басты алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі бүкіл рухани әлемімізді қамтитын жан – жақты құбылыс. Қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, кемеңгер ойшылдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу қарсаңында әріптестік жобада Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасымен тікелей байланыста «Абай сөзі - халықтың даналығы» атты Абай шығармашылығына арналған Дауыстап оқу Акциясы өткізілді.
Абай шығармаларын насихаттау, шығармашылық әлеміне терең үңіліп, кәусар бұлағынан мол сусындау мақсатында өткізіліп отырған шара екі жақтың лебіздерімен шымылдығын ашты. Семейлік ақынның арнау өлеңі шараның шырайын кіргізді. «Абай есімі Қарағанды өңірінде» атты бейнекөрсетілім Семейлік әріптестер мен қатысушыларға көптеген мәлімет берді. Абай және Семей есімі ежелден бір – бірімен тығыз сабақтасып, қабысып кеткені белгілі. Ұлы ақынның осы кітапхана оқырманы болып, Еуропа әдебиетімен етене танысқанын мақтан тұтатын Шығыс Қазақстандық әріптестердің әзірлеген «Абай атындағы Рухани орталық» атты бейне – әңгімелеуде келтірілген тарихи деректері қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Бейне – әңгімелеу арқылы Абайдың саяси өмірге араласу жолы, 1887 жылы «Бастауыш білім беру» қоғамының құрылуы, кітапханаға көмек көрсетуі, ұлы ойшылдың осы қоғамға мүше болуы сияқты деректер үлкен қызығушылық тудырды. Шара барысында Абай мұражайымен танысу мүмкіндігімен бірге, Алаш көсемі А.Бөкейханның ұлы ақынның қазасына жариялаған некрологы басылған басылым жайлы да айтылып өтті. Семейліктердің Абайдың өлеңдерін татар, болгар тілінде оқуы, педколледж студентінің ақынға арнау өлеңі де жиналған қауымды бір серпілтіп тастады
Өз кезегінде Қарағандылық әріптестер кітапхана қорындағы сирек кездесетін басылымдармен таныстырып өтті. Сонымен қатар, ақын шығармаларының ағылшын, кәріс, қытай тіліндегі аударма нұсқаларының кітаптары қатысушылар назарына ұсынылды.
{gallery}material/2019_abaichz{/gallery}
Дауыстап оқу Акциясында қаладағы №7 Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп – интернат оқушылары, «Жыр-Жауһар» поэзия клубының мүшелері Бәстенова Жаннұр, Мұхтархан Жансая ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқыса, Сәулехан Асылай, Ойрат Шұғыла сияқты оқушылар дана ақынға арнау өлеңдерін тебірене оқыды. №38 мектеп – гимназиядан Дмитриева Виола «Күз», Шағырова Дана «Ғылым таппай мақтанба», Сычева Н. «Қыс»өлеңдерін қазақ тілінде мәнеріне келтіріп оқыды. №63 мектеп оқушылары Абай аудармалары мен өлеңдерін орыс тілінде оқығанда, қатысушылар ризашылықтарын білдіріп отырды. Тікелей байланыста отырған екі жақтың қатысушылары ақынның «Көзімнің қарасы» әнін тамылжыта, қосыла шырқап, ақын рухын аспандатты.
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа», – деп ақын С.Торайғыров айтып өткендей, Абайды оқудан жалықпайық.