[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019latun_dictant is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Кітапханада латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінде "2019 jyl - Jastar jyly" атты жалпықазақстандық диктант өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Ж. Түймебаевтың айтуынша диктанттың мақсаты - Республика азаматтарын жаңа қазақ әліпбиімен сауатты жазуға үйрету, этномәдени бірлестіктердің өкілдерін, жастар ұйымдарының өкілдерін, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерді, қоғам қайраткерлерін, студенттерді және басқа да барлық ниет білдірушілерді жұмылдыра отырып, жаңа қазақ әліпбиін қолдану.
{gallery}material/news/2019latun_dictant{/gallery}
Диктант жазудың алдында "Қоғамдық келісім" РММ Қарағанды филиалының өкілі А.Д.Смыкова латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиіндегі кейбір спецификалық әріптердің жазылуындағы ерекшеліктерді атап өтті.
Диктантқа кітапхананың 24 қызметкері қатысты, диктант мәтіні ҚР Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ жетекші сарапшысы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Камал Әлпейісова дайындаған.