«Үш қоңыр» газеті Республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Бас редакторы Эльвира Болатқызы

Газет 2010 жылдың 19 наурызынан шыға бастады. Басылым өте қызықты. Оқуға женіл, танымды. Қазақ қаламгерлерінің шығармасы, ғаламдық мәселелер, саяси өзгерістер, жаһандық жаңалықтар, өнерлі тұлғалардың өмірі, проза мен поэзияда осы газетте. Әр түрлі іс-шаралар мен кітапханада өткен көрмелер де топтастырылған.

Сонымен қоса, қысқа әңгімелер жиынтығы мен танымал адамдармен сұхбат та шығып отырады. Газеттің алдыңғы санына кітапханамыздың іргетасында қаланған «Жыр-Жауһар» поэзия клубының мүшесі, бүгінде поэзия шыңының белгілі бойтұмары, жерлесіміз Жадыра Байбұланова өз өлеңдерімен шыққан болатын.

Ал, бүгінгі 17 мамырда шыққан газеттің №20 санының 7 бетіндегі «Жыр-Жауһарлық» Жәлел Қуандықұлының қаламынан туған өлең жолдары сіз бен бізге ұсынылды.

Жәлел Қуандықұлы – 1986 жылы 10 қаңтарда Қарақалпақстан Республикасы, Беруний ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Жырлары Айбергенов әлемі, Қасым, Тұмар сияқты республикалық басылымдарда жарық көрген. Мерзімді баспасөзде жиі жарияланып тұрады.Бірнеше уақыт кітапханамыздың қызметкері, «Жыр-Жауһар», клубының жетекшісі болған.

Бұл газет әр оқырманның сырлас серігіне, ақылшы досына айнала алады. Көкейде жүрген көптеген сұрақтарға жауап табуға болады.

Құрметті оқырман қауым, «Үш қоңыр» басылымы сіздердің сенімді серіктеріңізге айналып, пайдалы дүниелерімен көңілдеріңізден шығады деп ойлаймыз. Таныс болуға асығыңыздар!

 

Өнер туралы әдебиеттер бөлiмi Ciздердi асыға күтеді!

 

Келіңіздер! Оқыңыздар!