Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_konkurs_seyfullin is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_konkurs_seyfullin is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Өз заманында еркін тынысты, екпінді де рухты өлеңдерімен сөз құдіретін танытқан ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толып отыр.

Осы мерейтой аясында аймағымызда әртүрлі іс-шаралар өткізіле бастады. Сондай бірегей шаралардың бірі ретіндеҚарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыстық көлемде "Сәкен тірі! Қазақтай елі барда…" тақырыбына эссе жазу байқауын 2019 жылдың наурыз айынан бастап жариялаған болатын.

Байқауға облыс бойынша барлығы 16 мен 28 жас аралығындағы қалам ұстаған 72 үміткерден қазақ және орыс тілінде өтінім түсті. Қатысушы жастардың бұндай көрсеткіші жүрегімізге қуаныш ұялатты..

Бірінші кезеңде талантты жастар "Сәкен тірі! Қазақтай елі барда…" және "Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы!" тақырыбында екі эссе жолдады.

2019 ж. 6–20 мамыр аралығында аталмыш тақырыптарға жазылған эсселер әділ-қазылар алқасының сараптауынан өтті. Ең үздік деп танылған 17 үміткерлер ақтық кезеңге шақырту алды.

{gallery}material/news/2019_konkurs_seyfullin{/gallery}

30 мамыр күні кітапханамызда эссе жазудың дүлдүлдері жиналды. Сағат 10.00-13.00 аралығында таңдауларына ұсынылған үш тақырып бойынша эссе жазудан бақ сынасты.

Қазылар алқасына ондаған әсерлі де шынайы жұмыстардың ішінен үздік эссені таңдау оңай болмады. Облысымыздың түпкір-түкпірінен келген шығармаларды іріктеу жұмыстары: антиплагиат бойынша тексеру, мәтін мазмұнының шығарма тақырыбына сәйкестігі, шығармашылық тәсіл, сонымен қатар байқау шартын сақтау секілді бірнеше кезеңнен тұратын жұмыстарды атқарды.

Қатысушылардың жұмысын бағалап және жеңімпаздарды анықтауға, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ж. Жарылғапов (қазылар алқасының төрағасы), тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, сәкентанушы С.С. Қасымова, кітапхананың сектор басшысы А.С.Ахмадиева қазылық етті.

{gallery}material/news/2019_konkurs_seyfullin1{/gallery}

Әділқазылардың шешімімен Бас жүлдені "Баймұрат" лақап атты Сейіт Наурызбай (Шет ауданы) мен "Капиятова" лақап атты Жумаканова Фариза (Қарағанды) иеленді. Ал 1 орынды "Korki" лақап атты Қарағанды қаласынан Н. Қасымханов пен "Амикош" лақап атты А. Оспан (Ұлытау ауданы), 2 орынды "Бақ" лақап атты Ж.Ярова (Шет ауданы) мен "Мүгүлсім" лақап атты Г. Сайрамбек (Қарағанды) иеленсе, 3 орынды "Мәншүк" лақап атты М. Даденова (Қарағанды), "Кари" лақап атты Л. Васковская (Бұқар жырау ауданы) жеңіп алды. Сондай-ақ Ынталандыру сыйлықтарымен А. Мухаметжанова (Балқаш) мен А. Агайдарова (Қарағанды) марапатталды.

{gallery}material/news/2019_konkurs_seyfullin2{/gallery}

Байқаудың нәтижесі бойынша алдағы уақытта үздік жұмыстар жинақ боп басылып шығады.

"Сәкен әндері халық әндерімен үндесіп жатқан төлтумалығының арқасында халық жүрегінде мәңгі сақталып, атадан балаға мирас болып, ғасырдан ғасырға жалғаса бермек" деп Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов өз сөзіндежоғары баға бергендей, Сәкеннің сазды әндерін орындаған Қ. Байжанов атындағы КБ әншісі Е. Базарбеков пен кішкентай әншіміз А. Қасымханованың орындауындағы патриоттық әндері кештің сәнін кіргізді.

Оқырман назарына ұсынылған "Сыр сандықты ашып қара..." тақырыбындағы кітап көрмесі Сәкеннің сыр сандығына тереңірек үңіліп, сарқылмас дариясын ашты.

Жалынды, дарынды өр тұлғалы өрендері тұрғанда Cәкен рухы хәм қазақ рухы ешқашан төмендемек еместігі осы шара айғақ болды.

Әлиман Ж.  Ұлттық жаңғыру - ұрпақ көзімен // Орталық Қазақстан. - 2019. - 8 маусым (№ 61). - 6 б.