[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_ne_konferentsiya2 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Қазақта "Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар", "Күш білімде" деген ұлағатты сөздерді даналарымыз айтып кеткен. Ал білім мен күшті қайдан аламыз? Әрине, кітаптан.
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай, алғаш рет "Кітапхана. Оқу. Жастар" атты жастардың "НеКонференциясы" өтті.
Аталмыш шараның мақсаты – кітап пен оқуды ілгерілету, жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және өскелең жас ұрпақтың рухани-зияткерлігін дамыту.
"НеКонференция" өзгеше мән мен мазмұнға толы болды десек те болады. Қаламыздың жоғарғы оқу орындарынан келген, жалпы оқуға деген қызығушылығы бар жастар қатысқан шараға кітапхана қорындағы ең таңдаулы кітаптар ұсынылды. Конференция алаңында кітапханашылар көркемдігі көз тартатын кітаптарды түрлі пішінде тізіп, оның көрер көзге әсерлілігін арттырса, кеш жүргізушілерінің қызықты оқиғалары мен викториналық сұрақтары шараны одан әрі әрлей түсті.
{gallery}material/news/2019_ne_konferentsiya2{/gallery}
Қандай кітап: дәстүрлі, әлде, электронды? Классика немесе заманауи? Көркем фильм немесе кітап?... Осы сынды сұрақтар кітап сүйер жастардың пікірталасына ұласты. Бұл өмірде қанша адам болса, сонша түрлі талғам бар екені сөзсіз. "НеКонференцияның" мақсаты да сол. Дәстүрлі конференциядан гөрі еркін форматта өткен шарада жастар өз ойын, өз пікірін емін-еркін ортаға салды. Шараға "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының қызметкері, қаламыздың жоғарғы оқу орындарынан келген, кітап сүйер жастар қатысты. Ал, өз пікірін қысылмай жеткізген қатысушылардың ішінде Қарағанды сән колледжінің студенттері Теске Маргарита мен Иванова Валерия, Халықаралық бизнес академиясының I курс студенті Шауанбаева Жансая, Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің I курс студенті Кельманов Мадияр және де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенті Александр Флеглер белсенділік танытты. Мағжан айтқан: "Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар" жастар сенімді сезінсе керек! "Жастар не оқиды?" деген сауалымызға "Жастар оқиды!" деген жауап алдық.
{gallery}material/news/2019_ne_konferentsiya3{/gallery}
Ақын Иосиф Бродский: "Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті", – деген екен. "Кітап маған тақтан да артық" деген Шекспир өсиеті, "Талантты адам алтын тақта туған патшамен тең" деген Фридрихтің сөздері тамаша үндесіп тұрған жоқ па? Иә, кітап ең үздік ұрпақ тәрбиелеушісі, сондықтан кітап ұлт мүддесі үшін жазылатын болуы тиіс.
"Кітапсыз үй – жансыз дене сияқты" деген екен бір данышпан. Ал кітапты ғұмыр бойы қолына ұстамаған адамды неге теңеріңді білмей дағдарасың. Кітап қашанда рухани азық. Шараға жиналған жастар кітаптың қазына екенін дәлелдеді. Ондай қымбат қазынаны өткінші дүниелермен алмастыруға әсте болмайды. Ендеше, достар, кітап оқып жарысалық демекпіз!