Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_poslanie1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_poslanie1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Ақпан айының 28 күні кітапхананың оқу залдары бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанда жолдаған кезекті "Қазақстандықтардың Әл – ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасының артуы" атты Жолдауын көпшілікке насихаттау мақсатында "Елбасы жолдауы – тарих талғамы" атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері мен мұғалімдері қатысты. Шараның басты баяндамашысы "Болашақ" академиясының жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушысы Ә.Ү. Аупенова: "Елбасымыз өзінің жаңа жолдауы арқылы еліміздің ендігі бағыт-бағдары мен алдағы міндеттерін айқындап берді. Жолдауды елдің игілігіне бағытталған тарихи құжат деп қабылдауға әбден болады" - деді. Жолдауда айтылған алты бағыттың халықты алаңдадатын ең өзекті мәселелерді оңтайлы шешуге жол ашып бергенін, елдің табысын өсіру, тұрмыс сапасын одан әрі жақсарту, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруға бағытталған жаңа міндеттер халықтың көкейінде жүрген көптеген сауалдарға берілген нақты жауап екенін тілге тиек етті.

Ал, көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледждің ұстазы Д.А. Аманбаева Елбасының білім беру, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнесті дамыту, қолжетімді баспана сияқты халықтың күнделікті өміріндегі салаларға мән беруі қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жаңа деңгейге көтеретін игі қадам екендігін атап өтті. Биылғы жылды Елбасының "Жастар жылы" деп атағанын жастардың есіне сала отырып, Елбасы тарапынан көптеген нақты тапсырмалардың болғанын да айтып өтті.

{gallery}material/news/2019_poslanie1{/gallery}

Дөңгелек үстел барысында жиналған қауым әрбір баяндамашыны ынтамен тыңдап, толғандыратын  сұрақтарын қойды.

Ал жастар өздеріне Елбасы тарапынан білдіріп жатқан сенімді ақтайтындарын сеніммен айтты.

Шара соңында "Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы" атты кітап көрмесіне қазақ және орыс тілдерінде шолу жасалды. Биылғы Жолдау алға қойған мақсат – мұраттар табысты жүзеге асатынына сеніміміз зор. Алдағы уақытта кітапхана  қызметкерлері Елбасы жолдауын халық арасында түсіндіру, насихаттау жұмыстарында ақпараттық қолдау көрсете бермек.

{gallery}material/news/2019_poslanie{/gallery}

Шара барысына "Бірінші Қарағанды" телеканалы түсірілім жасады.