[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_85let_karagande is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
2019 жылы 13 ақпан күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өнер туралы әдебиеттер бөлімі Қарағанды қаласының 85 жылдық мерейтойы мен жастар жылы аясында "Сүйікті қалама сүйсіне қараймын!" атты шығармашылық кеш өткізді.
Кеш мақсаты – қаламыздың өнерлі де дарынды жастарымен танысу, олардың игі істерін насихаттау арқылы келешек ұрпақты мәдениет пен өнерге баулу. Сондай-ақ, жастарды кітап оқуға шақырып, кеншілер шаһарының мәдени мұрасы туралы ақпарат беру.
Тәрбиелік мәні бар бұл кештің тыңдаушы көрермендері №1 өнер мектебінің оқушылары мен Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттері болды.
Шара шымылдығын қаламыздағы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Арай"ансамблі әуезді әнімен ашты.
Келесі сөз тізгіні Сарыарқа суретшісіне берілді. Шабыт жастар фестивалінің лауреаты, өткен жылы қазақстандық ЮНЕСКО мадақтамасының иегері, Шахтинск қаласындағы Ә. Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебінің ұстазы, "100 жаңа есім"жобасының үміткері Ерсін Манарбекұлы Темірғалиев қазіргі уақытта жастарға барлық жағдай жасалғанын, бәріне қолжетімді екенін айта келіп, бүгінгі жастарды өнерді құрметтеуге, сауатты болуға шақырды.
{gallery}material/news/2019_85let_karagande{/gallery}
Шығармашылық кешімізге 25 жылдық тарихы бар "Нұр-Әсем"сән үйінің дизайнері Н. Рыскулованың жаңа топтамасы ұсынылып, көпшілікке киім үлгілері таныстырылды.
Сонымен қатар қонақтарға Қарағанды облысының шығу тарихы және Сарыарқаның мәдениеті мен өнері, Арқадан шыққан атақты тұлғалар жайлы жазылған бағалы әдебиеттер топтастырылған "Сүйікті қалама сүйсіне қараймын"атты кітап көрмесі ұсынылды.
Аталмыш шара барысында ортаға қос жыр дүлділі Шукан Нұрбек пен Әйткен Жоламан жырдан шашу шашты.
Журналист – табандылық пен қажырлы еңбекті талап ететін қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық. Ұлы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ақпарат құралдары халықтың көзі, һәм құлағы болуы тиіс. Журналист болуда басты талап – ол ақиқатты айта білу, және деректермен дәлелдеп жаза білу. Біздің кешіміздің қонағы белгілі журналист, ақын, "Орталық Қазақстан" газетінің редакторы Нұрлыхан Қалқаманұлы қаламыздың 85 жылдығы мен кітапхана ұжымына жылы лебізін білдірді.
Бұл күнде көне аспаптардың көмейлерінен күй төгіліп, қайта жаңғырды. Қандай аспаппен ән немесе күй орындалса да дыбыс сарыны құлаққа жағымды, жылы естіледі. Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің тұрақты оқырманы, №1 қалалық музыка мектебінің "Думан сазы" балалар ансамблінің жетекшісі Узалин Ернат Зайнутталаевич әсерлі әңгіме айтып, күмбірлі күйден сыр шертті.
Бұл күнде латын әліпбиіне көшу – заман талабы болып тұрғандықтан, ендігі қонағымызға ерекше ілтипат көрсетілді. Дәл осы латын әліпбиіне көшуге өз үлесін қосып жүрген "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу" тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірбиелік конференцияның жеңімпазы, жас оқырманымыз Ташимбекова Назерке де іс-шара барысында өткен жылы жеткен жетістіктірмен бөлісті.
{gallery}material/news/2019_85let_karagande1{/gallery}
"Арқадан келген ақынның арқасы қозса, Аспанға көшіп, ақ сарай салып алады" деп Ғалым Жайлыбай ағамыз айтпақшы, Арқада өсіп өнерге қанат қаққан жас дарын Байсүгіров Нұрмұхамед Құлназарұлы қала мерейтойына арналған "Қазыналы Қарағанды" атты арнаумен талайды тамсандырды.
Қасиетті өнердің қара шаңырағынан шыққан тұлғалар аз емес. Тек рухани өміріміздің бір тармағы театр өнерінде асқақ таланттармен ұлттық драматургияның кең тынысты, айтар ойы терең, ішкі жан дүниесі аласапыран кейіпкерлерімен қатар жүреді. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің "Ұшқын"драмалық үйірмесі Ғабит Мүсіреповтің "Оянған өлке" қойылымын тарту етті.
Осы жыл жастар жылы болғандықтан, жастарға артылар үміт те міндет те көп болмақ. Мемлекеттің болашақта әрі қарай дамуы мен гүлденуі тікелей жастарға байланысты болатындықтан, қоғамның белсенді буыны, елдің ертеңі жастардың қолдарыңда деп Елбасымыздың 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялағаны көңіл марқайтады. Қарағанды жастарының ел өркеуіндеуі мен мәдениетіне қосып жүрген үлестері жоғары
Кеш соңында кітапхана директоры Д.Б. Аманжолова қонақтар мен қатысушыларға алғыс хат табыстап, шексіз ризашылығын білдірді.
Кездесуге куә болған әр қатысушы рухани күш алып, өміріне керекті татымды жан азығымен сусындады десек болады.