Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/ashyk_diktant is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/ashyk_diktant is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Ағымдағы жылдың 20-қыркүйегінде Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Астана қаласының 20 жылдығына орай, «Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Ашық диктанттың ұйымдастырушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы,Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі; Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен, облыстары әкімдіктері аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлері; Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы.

Аталмыш шараға мәдениет және архив саласының қызметкерлері, оның ішінде Қарағанды облысының мемлекеттік архиві, Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві, Қарағанды қаласының мемлекеттік архиві, сонымен қоса Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі, Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері, жастар мен студенттер, барлығы 37 адам қатысты.

Ашық диктанттың мақсаты - мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

Диктант жазу еліміздің барлық облыстарында бір уақытта, яғни Астана уақытымен сағат 11:00-де басталды. Ашық диктантты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бекіткен қазақ тіліндегі мәтінді оқыды. Ашық диктантқа қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша комиссия құрамы бекітілген соң, жазу аяқталғанда диктант тексеру жұмыстары жүргізілді. Барлық қатысушылар өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын көрсете алды. Қоғамның жаңа талабына сай сауатты болудың маңыздылығына назар аудара отырып, анықталған нәтиже бойынша диктантқа қатысушыларға өте жақсы, жақсы және орташа деген баға берілді.

{gallery}material/news/ashyk_diktant{/gallery}

Қазақ тіліндегі диктантты жазып, сауатын тексеруге тек қазақ ұлтынан ғана емес, өзге де ұлт өкілі қатысты. Соның ішінде, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкері Храпко Виктория Вячеславовнаны ерекше атап өтуге болады. Осы игі шараға қатысқанынан-ақ қазақ тіліне деген құрметі айқындалып тұр.

Диктантты тексерген комиссия Викторияның жазған жұмысына орташа баға берсе де, қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысқандығы үшін ең үздік баға берді. Өзге ұлт өкілі Елбасымыздың «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» деген орайлы сөзін дәлелдеп тұр. Виктория секілді басқа да мәдениет қызметкерлері мемлекеттік тілді құрмет тұтатын болса қазақ тіліміз әлі де жаңғыратынына, әлемге танылатынына сенеміз.

Даденова Мадина,
ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету бөлімі