[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_leto_v_biblioteke is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
18 шілде күні «Кітапханадағы жаз» акциясы аясында кітапхананың конферец-залында латынша Q әрпіне сурет салу шығармашылық дамыту конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты: сурет салу және латын әліпбиіндегі Q әрпін оқырман қауымға насихаттау. Конкурсқа Қарағанды қаласының №92 гимназиясының 5-12 жас аралығындағы балалары қатысты. Латын әліпбиіндегі Q әрпін пайдаланып, конкурс қатысушылары Қарағанды қаласының табиғатын негізге ала отырып, өз ойларынан суреттер салды. Сурет салуда әр қатысушының қиялы жоғары екендігін анықтау қиын емес. Себебі, балалардың шеберліктері жан сүйсінерліктей болды.
{gallery}material/news/2018_leto_v_biblioteke{/gallery}
Болашаққа берілген дұрыс бағыт – бағдардың оңтайлы нәтижесін болашақ ұрпақтан көруімізге болады. Балалардың сурет салудағы ерекшеліктері жұмыс барысында бір – біріне кедергі жасамау, қағаз бетіне түсіретін ойдағы бейнені қаз қалпында салу, нұсқаушыдан жинақы бағыт күту. Міне, осындай өнерлері ұйымдастырушыларды тәнті қылды.
Адамның бойындағы дарынды көре білу де үлкен қасиет дер едім. Кітапханамыздың жас та болса өнерлі, шабытты оқырмандары еліміздің дамуына өз үлестерін осылайша қосуда.
Құрметті оқырман, сіздерді де шығармашылық шабыт, өнерлі қасиеттеріңіз болса, акциямызға қатысуға шақырамыз.
Оқу залдары, кітапханашы Тусупбаева М.