Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_festival_knig2 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2018_festival_knig2 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Адамзаттың шығармашылығынан туындаған ең таңғажайып дүние – бұл кітап. Адамның барлық рухани әлемі, өмірлік тәжірибесі, білімі, халықтардың барлық даналығы осы кітапта жатыр. Кітап - халықтар мен ұрпақтардың тілдесуінің әмбебап құралы болып табылады.

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай, 2018 жылдың 23 сәуір күні сағ. 11.00-де Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Еңселі Елорда, асқақтаған Астана=Астана – свет веры, мира и добра" кітап фестивалінің ашылу салтанаты өткізілді.Бұл әлем әдебиеті үшін ерекше маңызды күн.

Фестиваль мақсаты – үздік ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси және көркемдік ой жетістіктерін насихаттау, қала тұрғындарын оқуға тарту, жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі мәдениетін құрметтеуге баулу.

Фестивальға қала кітапханашылары, ЖОО ұстаздары мен студенттері шақырылды. Тәттімбет атындағы колледждің "Поиск" театралды студиясы өзінің "Бұрынғы және қазіргі жеткіншек" миниатюралық көрінісінде жастар арасында кітап оқу проблемасын көтерді.

{gallery}material/news/2018_festival_knig2{/gallery}

Жыл сайын өткізілетін "Бір ел – бір кітап" республикалық Акциясының аясында үш автордың, яғни Шәкәрім Құдайбердіұлының, Немат Келімбетовтың және Бауыржан Момышұлының шығармалары ұсынылды. Кітапхана қызметшілері Акция бойынша дайджест-шолуын өткізді.

Мәңгілік қазына – бұл тамыры тереңге жайылған ұлттық мәдени құндылықтар. Ең жарқын көріністі біздің өмірімізді де көркемдейтін ою-өрнектен  көре аламыз. Кітап пен көркемдіктің ұштаса байланысқанын Сән колледжінің "Дебют" сән театры бізге айқын көрсете білді. Кітап дефилесі өте әсерлі, әрі танымды болды. Сән арулары әдемі көйлектерімен ғана емес, Астана тарихына, салтына, мерекелерге және қазақ халқының дәстүрлеріне арналған кітаптар топтамасын жиналған қауымның назарына ұсынды.

{gallery}material/news/2018_festival_knig3{/gallery}

Фестивальдың ресми ашылуынан кейін барлық қатысушылар алаңдарға шақырылды. Кітапхана фойесінде өлкетану бөлімі "Қазыбек би" виртуалды энциклопедиясының және "Әдеби атлас" электронды нұсқағышының тұсаукесерін өткізді. Конференц залда жергілікті жас ақын-жазушылармен кездесу өтті.

23-30-сәуір аралығында Фестиваль аясында оқырмандарға тапсыруға ұмытып кеткен кітабын айыппұлсыз тапсыруға мүмкіндік беретін "Ұмытшақ оқырман" Акциясы жүзеге асырылады. Барлық күндері Фестивальда кітап көрмесі мен тұсаукесерлер жүргізіледі.

Фестиваль 29 сәуір күні сағ. 11.00-де "Жыр-Жауһар" поэзия клубы мен "Әдеби қонақжай" клубының "Ел жүрегі – Астана" атты кездесу кешімен жабылады.