Осыдан 25 жыл бұрын яғни, 1993 жылы Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қабылданды. Осыған орай 19 ақпан күні ҚММУ жанынан құрылған Қарағанды медициналық колледжінде "Ата Заң – мемлекеттің тірегі" тақырыбында студенттер қауымына әңгіме өткізілді.
Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы қазақстандық конституционализмді тиімді дамытуға мүмкіндік берді. Елде конституциялық заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға негіз қалады.
Біз азат елде өмір сүреміз.
Біздің ғаламшарда 7 миллиардтан астам адам өмір сүреді. Олардың барлығы – түрлі мемлекеттердің азаматтары. Әрбір мемлекет – бұл аса үлкен отбасы болып табылады.
Кез-келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция.
Конституцияның басты авторы - Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә. Назарбаев деп толық сеніммен айтуға болады. "Елбасы кімде-кім еліміздің Негізгі заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек", - деген болатын.
Әңгіме сағаты Ата заңның тарихынан басталып, студенттермен викториналық сұрақтар жүргізілді.
Тәуелсіз, азат елде өмір сүріп жатқандарын мақтанышпен жеткізген студенттер, болашақтарын жарқын елестететіндерін де жасырмады.
"Ата Заңымыздың бізге және халқымызға берер жетістіктерін көріп, естіп келеміз, біз детерең білім алып, елімізге қосар үлесіміз көп боларына сөз береміз" деп студенттер бірауыздан сөйледі.
Интерактивті тақта арқылы аталмыш тақырып төңірегінде материалдар жинағы ұсынылды.
Кітапхана қызметкерлері кітапхана қорындағы Конституцияға байланысты бірнеше кітаптарымен таныстырып, ҚР Конституциясының ережелері мен талаптарын әрбір қазақстандық азаматтың білуі, оны ұғынуы маңызды екендігін түсіндірді.
Сонымен қатар, мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған Ата Заңға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы мақалалар топтамасы да таныстырылды.
Кітапханамыздан іздеген кітаптарыңызды таба аласыздар! Келіңіздер, сіздер үшін әрқашан есігіміз ашық!
Оқу залдары бөлімінің кітапханашысы Тусупбаева М.Ж.