Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_Zhyr_Zhaukhar is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_Zhyr_Zhaukhar is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

 Алау алып,

Алтын күннің нұрынан,

 Сезім өріп

 Самал желдің сырынан,

 Сұлулықты,

 Кеңестікті,

 Өмірді,

 Көретұғын басқаша бір қырынан;

 Армандарын...

 Ақындардан сұрама,

 Ізде аңсарын...

Ақындардың жырынан,- деп ақын ағамыз Қадыр Әлімқұлов жырлағандай,

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жібек сөзден жыр желкенін тоқып, сол желкенмен әдебиет айдынында жүзген "Жыр-Жауһар" поэзия клубы мүшелері "Жанам деген жүрекке от берген – Жыр-Жауһар!" атты әдеби-сазды мерекелік кеште бас қосты. Клуб мүшелерінің биылғы жылы жеткен жетістіктерін паш еткен, би мен күй, ән мен жыр әрлеген кеш шымылдығын "Қуаныш" би-ансамблі ашты.

Өткен өрлеу белестеріне, жарқын сәттеріне бейнеролик арқылы көз жүгірткен "Жыр-Жауһарлықтардың" көңілдері бір серпіліп қалды.      

Клуб мүшелерінің қоғам өмірінде, әдебиет әлемінде биылғы жылы  жеткен жетістіктері мен алған асулары қомақты. Республикалық, аймақтық жыр додаларының жеңімпаздары осы ортадан шыққаны дүйім жұртқа белгілі.

Жеке жеңістерімен клубты паш етіп жүрген клуб мүшелерін ұлықтау кеші

Жадыра Байбұланова – Мемлекет және қоғам  қайраткері Ж. Тәшенов жүлдесіне арналған облыстық жыр мүшәйрасының қорытындысы бойынша "Жылдың үздік ақыны" атанған, оқырманның жүрегінен орын алған "Қағаз жүрек" жыр жинағының авторы, тыңдарманның көзайымына айналған "Мен сені сүйем өмір" атты ән сөзінің авторы, "жыр-жауһарлық" Ж. Байбұланова үшін  биылғы жыл жемісті болды.

Еркебұлан Ақбергенов – клуб қоржынын өзінің алғашқы жыр жинағымен толықтырып, үлес қосқан жас ақын.  Qasym.kz сериясымен жарық көрген "Қайыңды көл" жинағы оқырманға жол тартқаны көңілді қуантатыны сөзсіз.

Сүйінші хабардың сүбелісі – Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапхана ұсынысымен А. Мырзахметовтің Қазақстан Жазушылар Одағына мүше болуы. "Ханшайым", "Қала мозаикалары" кітаптарының авторы, жазушы, "Жыр-Жауһар" поэзия клубы қабырғасын қалаушы, алғашқы мүшесі әрі жетекшісі Алмаздың Жазушылар одағына мүше болуы "Жыр-Жауһарлықтар" мен кітапхана ұжымының беделін еселей түскені көз қуантып, көңіл марқайтты.

Кеш барысында Республикалық "Қасым" әдеби-қоғамдық журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы С. Сағынтай, "Дауыс" жинағының авторы, ақын Қайрат Асқар арнайы Алмаз Мырзахметке Қазақстан Жазушылар Одағы мүшесінің құжатын табыстап, алғашқы құттықтауларын жеткізді.

11 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келе жатқан "Жыр-Жауһар" поэзия клубының жеткен жетістіктері көз қуантады. Соның бірі һәм бірегейі клубтың алғашқы мүшелерінің бірі, бүгінде "Кәусар" өнер мектебін басшысы, талантты жастарға тәлім беретін ұстаз Э. Орынбаева өз шәкірттері мен осы кешке қатысып,шәкірттерін өзі ұшқан ұяның қатарына қосты.

Алдыңғы толқын аға-әпкелер: А. Мырзахметов, М. Асан, Ж. Жаңқаш, Д. Аманжол, Р. Қабидолдин, Ж. Байбұланова, Э. Орынбаева, А. Рахымжановалар кейінгі ізбасарларына сенім артып, ақ жол тілеп "Жыр-Жауһардың" жас толқынын ресми түрде мүшелікке қабылдау рәсімін өткізді.  

{gallery}/material/news/2017_Zhyr_Zhaukhar{/gallery}

Әдеби-сазды әсерлі кеште қарымды қалам иелерінің шығармалары оқылып, өнерлі өрендердің орындаған ән мен күйіне ұласты.

Өнер әлеміне қанат қаққан, талай таланттың жұлдызын жаққан "Жыр-Жауһар" поэзия клубының биылғы жылғы қорытынды кеші көңіл пернесін көкке шалқытты.