Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_akziya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_akziya is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін мәлімдеген болатын. Осыған орай, осы мәселені талқылау, қолдау мен насихаттау мақсатында мәдениет ошақтарында іс-шаралар легі басталып, қызу жұмысқа кірісіп кетті. Соның бірі – 9-шы қазан күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен "Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла" атты Акция аясындакітапхана қорына алғашқы кітапты салтанатты түрде сыйлау рәсімі. Сыйға тартылған алғашқы кітап 1939 жылы Алматы қаласының "Казахстанское издательство художественной литературы" баспасында жарық көрген "Батырлар" кітабы.

Аталмыш шараға рухани байлықты келесі ұрпаққа мұра етіп қалдыру үшін Алматы қаласынан ата мекеніне деген сағынышын арқалап келген кітап иесі, белгілі өнертанушы Баян Барманкулова мен "Әлеуметтік мекемелердің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы" "Жастар үйі" КММ директоры Ләззат Шайкенова жәнеқұнды кітапты арқалап келген Қарқаралы ауданы Қасым ауылының мектеп директоры Мақсат Оспанқұлов арнайы қонақ болды.

Баян Кәрібайқызы рәсім барысында үлкен толқуда болып,"әкеден қалған қазына ел игілігіне жарап жатса, одан асқан бақыт бар ма?" дей отырып, жастарды жалпы кітап оқуға шақырды.

Ал осы кітаптың ел игілігіне айналуына үлкен себепші болған Мақсат Зейнелұлы аталмыш басылымды немере апасының 1990 жылы отбасылық сый ретінде өзіне ұсынғанын айтып, кітаптың құндылығын ескеріп, бүгінгі күнге дейін оның мектептің мұражайында болғанын баса айтты. Акция жайлы естісімен кітапты аймағымыздың бас кітапханасына беруге шешім қабылдап, Алматыдағы туған-туысымен ақылдасқаның да жасырмады. Мақсат Зейнелұлының сөзіне Ләззат Шаймұратқызы да "Арқаның барша халқы енді осы кітапқа қол жеткізетіні бізді үлкен қуанышқа бөлейді" деп қолпаш көрсетті.

{gallery}material/news/2017_akziya{/gallery}

Атадан қалған қазына кітапхананың "Сирек және құнды кітаптар" қорын толықтырып, латын әліпбиіндегі кітап қорының алғашқы кірпішін қалады десек артық емес.

Осы кешке Барманқұлов Кәрібайдың тәлімгері, бүгінгі күні зейнеткер Нұрбану Быхина арнайы келіп, Қыздар Мемлекеттік Университетінде өзінің ұстазы болған Барманқұлов Кәрібай жайлы біраз естеліктер айтты. Ал "Болашақ" Академиясының қазақ тілі және әдебиеті  кафедрасының меңгерушісі Сембиев Құрманғазы "Батырлар" кітабының өз студенттеріне білім беруде енді үлкен көмек болатынын қуана айтып өтті.

Кітапхана қоры құнды кітаппен толықты. Кітапханашылар қауымы "бұл игі бастаманың тек басы ғана" деп сеніммен айтып отыр.

Оспанкулова Б.З., негізгі қорларды сақтау бөлімінің басшысы