2017 жылдың 11 қазанында сағат 12.00-де қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді насихаттау бойынша іс-шаралар жоспары аясында, кітапханамызда «Латын әрпіне көшу – Қазақстан стратегиясы» атты дөңгелек үстел өтеді.
Ұйымдастырылып отырған шара Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын алға тартады. Мақалада Елбасы «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттілігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», - деп көрсеткен болатын.
Осы тақырыпты кеңінен ашу мақсатында қалалық жоғары оқу орындарының жетекші мамандары, тілдерді дамыту басқармасы, Қарағанды қаласының білім беру бөлімінің мамандары және заңгерлер қатысады.
Жиналған қауымға «Латын әліпбиі – уақыт талабы» атты кітап көрмесі ұсынылып, латын тілінде жарық көрген кітаптың таныстырылымы болады.
Баршаңызды іс-шарамызға шақырамыз!
Қосымша ақпарат
тел: 56-53-04, 56-72-76, 56-74-64
эл/почта:info@karlib.kz