Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 698 Жарлығымен қоғамдағы Адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде қыркүйектің соңғы жексенбісі "Еңбек күні" болып бекітілді.
Аталған мерекенің басты мақсаты жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту болып табылады. Еңбек – адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған. Осы "Еңбек күні" қарсаңында оқу залында "Адам еңбегімен әдемі" атты кітап көрмесі ашылды.
Көрмеде, Қазақстандағы еңбек адамының қоғамда алар орнының маңыздылығы, еңбекті қорғау, еңбек құқығы, оны сақтаудағы заманауи технологияларды және әртүрлі сала мамандарының қызметі туралы еңбектер қойылған. Сондай-ақ, көрмеден әртүрлі өндіріс саласына қатысты материалдар таба аласыздар. Солардың арасында, А. Жанғожиннің құрастыруымен шыққан "Елбасына тұғыр болған Сарыарқа" атты кітап Н.Ә. Назарбаевтың алғашқы еңбек жолының Теміртаудағы металлургия заводынан басталғандығын баян ететін болса, "Металлмен шыныққандар" еңбегі Днепродзержинск металлургиялық училищесінің Қазақстандық түлектеріне арналған. Әрине, оның ішінде Елбасымыз да бар.
Елбасының дәстүрлі Жолдауында айтып кеткендей: "XXI ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр. Бұл Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, халықтың неғұрлым әлсіз буындарына атаулы көмек қағидаттар ыңда бүкіл мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізудеміз" деген сөзінде ерекше мән бар. Расымен де, қазіргі таңда еңбектің мән-маңызы арта түскені ақиқат. Еңбексіз өмірдің мәні де, сәні де жоқ екені, онсыз елді дамытып, өркендету мүмкін емес екені белгілі. Қарапайым еңбек адамының жұмысы ел экономикасының артуына көп үлес қосатыны анық. Осы тұрғыдан алғанда елімізде қарапайым еңбек адамының рөлі жоғарылай түсуі қажет. Жастар арасында осы мамандық иелері көбірек насихаттала түссе нұр үстіне нұр болар еді. Жолдауда соңдай-ақ жаһандық экономикалық қаржы дағдарысына баса назар аударылған. Біздер, қарапайым еңбек адамдары бұл дағдарысты өз еңбегіміздің арқасында еңсере алатынымыз сөзсіз.
Көрме барысында "Қазақстанда еңбекті қорғау" журналының 2017 жылы шыққан бірнеше саны ұсынылып, онда еңбекті қорғау мәдениеті, еңбекті қорғау мен денсаулық сақтауға арналған ережелер, азаматтардың қауіпсіздігі, жеке қорғану құралдары сияқты тақырыптар қамтылған.
"Еңбек түбі – береке", - демекші, әр күніміз берекелі болып, өз еңбегіміздің жемісін көрейік!