[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/belgerkz is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Жаз айлары - кітапхана үшін біршама тыныштық орнайтын мезгіл. Әйтседе жаздың жаймашуақ күндерінде кітапханада іске қосылған «Әдеби маусым» жобасы өз ісін жалғастыруда. Қала тұрғындарының таным көкжиегін арттыру мақсатында «Неміс әдебиеті маусымы» бойынша «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық бірлестігі бізде қонақта болды.
Өзге ұлттар мен ұлыстардың әдебиеттерін насихаттап, танытуға бағытталған «Әдеби маусым» жобасы ұлт әдебиетінің өркен жая өсуіне, халықтың рухани байлығын, арман-мүддесін, өмір тарихын басқа халықтардың даму тарихымен ұштастыруға дәнекер болғанын тағы дәлелдеді.
4 шілде күні жазушы, публицист, аудармашы, эссеист, әдеби сыншы, неміс әдебиетін зерттеуші Г.Бельгердің шығармашылығына арналған «Казахские струны души Гер-аға» атты танымдық кеш өтті.
Кеш тізгінін алған «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық бірлестігі жанындағы Жастар қанаты көшбасшысы Мария Борисеевич оқырмандарды жазушының өмірбаянымен таныстырып, әрі қарай оның шығармашылығына тоқталды.
Кеш барысында Т.Беншинкенов, А.Шедь, А.Гейнбихнер, П.Вторыгина, П.Бушуев жазушының еңбектерінен үзінділер оқылып, пікірлермен алмасты. Бейнекөрініс көрсетілді.
Қонақтар кітапхана қорынан жасалған көрмеден жазушының кітаптарымен, журналдардағы мақалаларымен танысты.
Г.Бельгер шығармашылығының негізгі тақырыбы –Отан, оның кейіпкерлері қоңыс аударған немістер, тағдыр тауқыметін көрген адамдар жайлы және кіші мен үлкеннің үнемі қойып отыратын: отан деген не, біздің отанымыз қайда, бізде жалпы отан бар ма? деген сұрақтар. Бұл тақырып оның «Дом скитальца», «Тұйық су», «Разлад», «Зов» романдарында қозғалады. Сонымен қатар, бұл тақырып Г. Бельгерді тыңдап отырған тыңдармандарға да жақын, өйткені олардың көбісі соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударғандар.
{gallery}material/news/belgerkz{/gallery}
Жазғы демалыста кітап әлемімен қауыштырған бұл мағыналы кеш ойы ұшқыр, қаламы қарымды жайсаң, қазақтың қадірін білген Г.Бельгердің шығармашылығына деген қызығушылығымыз бен құрметімізді арттыра түсті.
Телпекбаева С.О.
Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы