[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_parad_instrumentov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
2017 жылы 5 сәуір күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың ұлттық аспаптарына арналған шеру "Қобыз үні жүрегімді тербеген" атты шығармашылық кешпен жалғасын тапты.
Кеш мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, көпшілік қауымға қазақтың төл аспабы қасиетті қобыз жайлы насихаттау. Оның үніндегі құдіретті, жүрек тербетер тылсым күшті сезіндіріп, жақсы көңіл-күй сыйлау.
Тәрбиелік мәні бар бұл кештің тыңдаушы көрермендері №3 мектеп гимназиясының оқушылары мен Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттері болды. Іс-шара әнші, музыкант, вокалист, балалар музыка мектебінің педагог мұғалімі Рауан Ахметовтың үздік шәкірті, V ашық қалалық "Vivat, талант!" ән айту конкурсының бас жүлдегері, Халықаралық қайырымдылық "Рух" конкурсының І орын иегері, тағы да басқа көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы Рымтаева Айдананың орындауындағы "Қорқыт – қобыз" әнімен басталды.
Жас буынға Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің лектор - музыкатанушысы А. Оралханова қобыз тарихына тоқталып, қобыздың түр-түрімен таныстырды. Қ.Байжанов атындағы ұлттық аспаптар оркестрінің қобызшысы А. Аужанованың орындауындағы қобыз күйлері ұлттық аспабымыздың үнін тыңдауға мүмкіндік туғызды. №3 мектеп гимназиясының оқушысы Н.Ахметованың орындауындағы қобыз күйлері келген қонақтардың жүрек қылын шертіп, керемет көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз.
Суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі М.А. Қалқабаев пен өнертанушы, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі Н.И. Иванина К.С. Станиславский атындағы орыс драма театры алаңындағы музыкалық аспапқа арналған мүсіндік туындымен таныстырып, тарихына тоқталып, жан-жақты ақпарат айтып өтті.
{gallery}material/news/2017_parad_instrumentov{/gallery}
Сонымен қатар, ұлттық аспаптар, олардың шығу тарихы және қобыз туралы бағалы әдебиеттер топтастырылған "Қобыз үні жүрегімді тербеген" атты кітап көрмесі ұсынылды.
Кеш соңында кітапхана директоры Д.Б. Аманжолова қонақтар мен қатысушыларға алғыс хат табыстап, шексіз ризашылығын білдірді.
Кездесуге куә болған әр қатысушы рухани күш алып және өміріне керекті татымды жан азығымен сусындады десек болады.