Құрметті оқырман қауым!
Үстіміздегі жылдың 10-маусымы мен 10-қыркүйегі аралығында Астана қаласында Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көремесі өтеді. Көрмеге әлемнің 100-ден аса елдері қатысып, энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен таныстырады. Бұл көрмеге 2 миллионға жуық адам келеді деп күтілуде. "EXPO-2017"көрмесінің басты тақырыбы - "Болашақтың энергиясы". Бұл тақырыпты таңдаудың басты негізі – еліміздің дәстүрлі энергиялық ресурстарының елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда "жасыл" экономика құру бағытын ұстану.
Осы тақырыпқа қызығушылық білдірген қауымды "EXPO-2017. Қарағанды бренді: дәстүрден жаңашылдыққа" атты кеш-презентациясына шақырамыз.
Кеш қатысушылары халықаралық көрмесі және оның тарихы туралы көбірек мәлімет ала алады. Кешке EXPO-2017 көрмесіне жобаларын ұсынатын зерттеуші-ғалымдар қатысып, іс-шара барысында көрермендерге өз жұмыстарын таныстыратын болады. Сонымен қатар, Халықаралық көрмеге келген туристер үшін Ұлы даламыздың көрікті жерлерімен таныстыруға арнайы бағыттар ұйымдастыратын бизнес-қауымдастық өкілдері де шақырылады.
Өтетін уақыты: 5 сәуір күні, сағат 14.00-де
Өтетін жері: кітапхана (Ерубаев к. 44 үй)
Қосымша ақпарат: 49-33-75, 56-72-76
Біз сіздерді күтеміз!