Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_begmanov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_begmanov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Өткен аптада қара өлеңнің қазыналы ордасына айналған Қарағанды қаласына алыстан ат терлетіп, адуынды ақын, этнограф, "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Қасымхан Бегманов келген болатын. Оқырмандарға өнегелі әңгіме, өрелі өлең сыйласын деген ізгі ниетпен, облысымыздың әдеби ошағына айналған кітапханамызға айтулы тұлғаның  ат басын тіреуін өтінген едік.

"Жыр-Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен өткен аталмыш кездесу кешін, филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов тізгіндеді. Кездесу еркін форматта басталып, ақын алдымен, оқырмандардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

{gallery}/material/news/2017_begmanov{/gallery}

Одан кейін кеш қонағы "Мұстафа Шоқай жолымен" деп аталатын екі томдық тарихи деректі, танымдық сапарнама кітабы туралы, бұл жолда көрген қиындықтары мен Өскемен қаласында өткен шулы сот процессінде М.Шоқай есіміне жеке араша түсіп, жеңіп шыққандағы  жайлы көсіле әңгімеледі.

Ақыннан "хал сұрама, жыр сұра" деген сөз бекер айтылмаса керек. "Ол көктем оралмайды" деген бір ғана өлеңімен жастарға етене таныс қаламгер оқырмандардың сұрауы бойынша бірқатар өлеңдерін оқып, әлі сиясы кеппеген жаңа жырларымен де бөлісті.

Кеш соңында Қасымхан Бегманов ұлтқа қызмет етудің үздік үлгісін көрсетіп жүрген кітапхана ұжымына ризашылық көңілін білдіріп, алғысын айтты. Оқырмандар да өз кезегінде кәусар жырмен сусындап, рухани байып қайтты.