Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_musabekov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_musabekov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Кітапханамызда екі жылдан бері қызмет етіп келе жатқан "Тағылым" танымдық интеллектуалды клубы тағы бір қарымды қаламгерді оқырманмен қауыштырды. Талай кемел кездесулердің ұйытқысы болған аталмыш клубтың бұл жолғы қонағы – жерлес жазушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Стивен Кови халықаралық орталығы сертификатының иегері, сазгер Бақытқали Мұсабеков болды.  

Сан салада елеулі еңбек атқарып, әдебиет пен мәдениетке қызмет етіп жүрген Бақытқали Мұсабекұлы әңгімесін шешендік өнер әлемінен бастады. Жазушы ата-бабамыздың асыл мұрасына айналған шешендік өнердің қыр-сырын тілге тиек етіп, дұрыс сөйлеу әдебіне де тоқталып өтті. Психология саласына қызығушылық танытқан жастар үшін көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, басқаларға өзін тыңдата білудің жолдарын да ашып берді. Оқырмандар тарапынан қойылған сан түрлі сауалды салмақтап, жан-жақты жауап берді.

{gallery}/material/news/2017_musabekov{/gallery}

Кеш барысында ән әлемінде де өзіндік қолтаңбасы бар сазгердің Е.ИбраҺим мен Б.Мамырдың сөзіне жазылған "Қарағанды" және К.Салықовтың сөзіне жазылған "Тіршілік болса саған құштарым көп" атты әндері де шырқалып, тыңдарман жүрегінен орын алды. Жарық көрген еңбектері қойылған кітап көрмесі мен назарға ұсынылған бейне көрсетілім жиналған қауымды қаламгердің өмірі мен шығармашылығынан хабардар етті. Оқырмандар қызықты кездесуден  қимай тарқасты.