Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_den_informacii1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2017_den_informacii1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Адам баласының бойында о бастан таным, шығармашылық, адамгершілік мінез-құлық сияқты негізгі қабілеттер қалыптасқан. Білім беру үдерісінде оқушыларды шығармашылық тұрғыдан дамыту және олардың рухани әлеуетін арттыру – біршама күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушыларды болашақ кәсіби қызметке дайындау – әртүрлі кезеңдерден  тұратын күрделі процесс. Педагог оқушының қалыптасу үдерісіндегі көмекші ролін атқарады. Педагогикалық білімді толықтыру мен кеңейту көздерінің бірі ретінде мерзімдік басылымдар мен кітаптарда жарияланған идеялардың әртүрлілігі табылады.

Мұның мысалы ретінде, Тәттімбет атындағы өнер колледжі оқытушыларының 2017 жылдың 16 қаңтарында өткен "Көркемдік дарындылықты дамыту" атты жыл сайынғы ақпарат күнінде ұсынылған "Мәдениеттану бағытындағы колледж оқушыларының гуманитарлық пәндерді оқытудағы дайындығын қалыптастыру", "Шығармашылық педагогика" шолуларына деген қызығушылығын айтуға болады.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері: Писарева С.В., Ротнова И.И., Сулейменова Ж.М. оқырманға қызмет көрсету бөлімдеріндегі ақпараттық ресурстардың мүмкіндіктерімен таныстырды. Дәстүрлі түрде кітапханалық басылымдар – "Өнер бойынша 2016 жылда жарық көрген үздік мақалалар", ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған "Қазақстанның мемлекеттік рәміздері" атты тақырыптық тізімдер мен 2017 жылғы атаулы күндердің күнтізбесі назарға ұсынылды.

{gallery}material/news/2017_den_informacii1{/gallery}

Колледж оқытушылары өз сөздерінде "біздің түлектеріміз үшін педагогика, психология, музыкалық тәрбие салаларындағы әрқилы білім, білік және дағдылар ауадай қажет. Осы тұрғыдан "Гоголевка" кітапханашылары шығармашылық дарынды тұлғаны дамытуда баға жетпес көмек көрсетуде" деп атап өтті.