Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Америкалық бұрышы Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігімен АҚШ-да тағылымдамадан өту үшін гранттар (степендия) бөлінетіндігін хабарлайды.
Бұл степендиялар инклюзивті оқыту бойынша балалармен жұмыс жасайтын педагогтарға арналған.
Тағылымдамадан басқа елдің қатысушылары да өте алады. Педагог тағылымдамадан оралған кезде алған тәжірибелерін өз елдерінің оқыту жүйесіне енгізе алады.
Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматы болу
- Жасы: 25-45 жас аралығы (1972 жылы 1 қаңтар-1992 жылы 1 қаңтар аралығында туған)
- Ағылшын тілін білу (білімін тексеруге арналған тест)
- J-1 visa алу мүмкіндігінің болуы
- Қазіргі уақытта АҚШ-та оқымайтын. Бұрын АҚШ-та тәжірибе алмасу бағдарламаларына қатыспаған кандидаттарға артықшылықтар көрсетіледі.
- Кандидаттың АҚШ-та 6 апта бойы болу мүмкіндігі: 2017 жылдың сәуір айының ортасынан мамыр айының соңына дейін.