23 қараша күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері елімізде дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында "Фемида" заң колледжінде "Сөз - жібек жіп, жыр - кесте" атауымен Дулат Бабатайұлының шығармаларына арналған ақпараттық сағат өткізді.

Шара барысында "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы бойынша 2007 жылдардан бастап оқытылған кітаптарға шолу жасалынып, акцияның тарихы мен мақсаты жайлы айтылды.

Жиналған жастар қазақ әдебиетіндегі күрделі құбылыс болып саналатын "Зар заман" ақындарының арасындағы шоқтығы биік жарық жұлдыздарының бірі, бірегейі, ХІХ ғасырдағы  қазақ поэзиясының ірі өкілі  - Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысты. "Еспембет" дастаны туралы шағын бейнекөріністі көріп, аңыз желісінде жазылған "Шаштараз" поэмасын рөлдерге бөліп оқып берді. Алған әсерлерін ортаға салып, ой бөлісті. Қызығушылық танытып, көкейлерінде туындаған сұрақтарын қойды. Тақырып бойынша қойылған сұрақтарға тиянақты жауаптар беріп, өз белсенділіктерін көрсете білді.