Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_onlain_oktyabr is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_onlain_oktyabr is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Ұлытау өңірінде дүниеге келіп, Алатау аясында жазушы, қаламгер ретінде қалыптасқан, Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжанов бір жылда – 1916 жылы туған, яғни биыл туғандарына 100 жыл толып отыр.

Бұл мерейтой Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы, Қарағанды облысының 80 жылдық мерейтойларымен тұспа-тұс келуі де  өзара байланыстырып тұрған рухани құбылыс деуге болады.

"Ұлытаудың ұландары – қазақ рухының қырандары" тақырыбында өткенәдеби кешіміз  С. Сейфуллин атындағы Жезқазған қалалық кітапханасымен бірлесе онлайн түрде өтті. 

Екі қала  арасында ұйымдастырған әдеби кешіміздің мақсаты Баубек пен Мұқанның отаншылдықтарын, азаматтықтарын, достықтарын жас ұрпаққа дәріптеп насихаттау.

Өзіндік ерекшелігімен өткен кеште Қазақстан Жазушылар Одағының Жезқазған қалалық филиалының төрағасы Б.Т. Мырзабеков Б.Бұлқышев шығармаларының өміршеңдігіне тоқталып, өмірден ерте кетсе де, әдебиетте лайықты із қалдырғандығы, Баубек пен Мұқанның арасындағы достықтары аңыз болғандығы жайында кеңінен тарқатып айтты.

Ал, М. Иманжанов шығармашылығының негізгі желісі жастар өмірі, олардың адал арман-тілегі, адамгершілік, парасат мәселесі. Оның қаламынан туындаған көптеген көркем очерк пен публицистикалық туындылар, повестер, пьесалар, әдебиет мәселелері жөніндегі толғаныстары жайында   ф.ғ.д., профессор М.Х. Хамзин өз ойын ортаға салды.

Сөз кезегін алған ф.ғ.к., доцент, Жезқазған қаласының "Тілтану" оқу орталығының басшысы Ғ.Е. Ештанаев осы мерейтой аясында Жезқазған – Ұлытау өңірінде ұйымдастырылып жатқан үлкен іс-шара қазан айының 27-29 күндері өтетін республикалық конференция туралы мағлұмат берді.

Осы конференция аясында Жезқазған өңірінен "Ұлытау" атты жаңа басылымның алғашқы төл саны жарық, көріп таратылатыны жайлы қуанышты хабармен белгілі қаламгер С.К. Смағұлова бөлісті. Бұл керемет тарту Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына сый бола тұрып, Б.Бұлқышев пен М. Иманжановқа арналатыны туралы хабар жиылған қауымды ерекше сезімге бөледі. Кеш қонақтары "Ұлытау" журналы жас қаламгерлер мен аға буын арасында, қалың оқырман мен қаламгер қауым ортасында алтын арқау болып, өз оқырманын табады деген сенімін білдіріп, құттықтап ақ жол тіледі.

{gallery}/material/news/2016_onlain_oktyabr{/gallery}

Баубек пен Мұқан шығармашылығы уақыт өткен сайын жаңа қырынан танылып,  жас оқырманын тауып отырары сөзсіз. Сөз кезегін алған Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің оқытушысы, жазушы А.Ә. Мырзахметовтің оқыған Жезқазған қаласында өтетін республикалық конференцияға арнайы дайындаған М. Иманжановтың "Үй" әңгімесі хақында "Диалог туралы диалог" эссесі көпшілік қауымның көңілінен шықты.

Қанатты сөз қамал бұзады дегендей, Баубектің публицистикалық очерктері майданда жауынгерлерді неміс басқыншыларына қарсы батыл соққы беруге үндесе, тылдағы жастарды ерлікке, еңбекке жігерлендіреді. Майдан даласында жазылған "Шығыс ұлына хат", "Заман біздікі" шығармаларынан үзінді оқылды. Дарын мамандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Оспанов Бекарыс пен 10 сынып оқушысы Серікжан Фариданың мәнерлеп оқыған үзінділер оқырман қауымды тек қызықтырып қана қоймай, Баубектің кейінгі жастар еліктер толымды тұлға екенін аңғартты.

{gallery}/material/news/2016_onlain_oktyabr1{/gallery}

Шара барысында әнші, сазгер, республикалық байқаулардың жүлдегері А.Ахметжанов пен Болашақ академиясының 4 курс студенті Қ.Туспбаетың орындауындағы әндері кешіміздің сәнін кіргізіп, оқырмандардың көңілін бір серпілтіп тастаса, сүйіспеншілік пен махаббатқа тұнып тұрған өлеңдерімен сусындаған бүгінгі біздің жастарымыз өз сезімдерін жырмен жеткізуге талпынып, өз өлеңдерін тыңдарман назарына ұсынды.

Сонымен қатар, оқырман назарына Б.Бұлқышевтың және М.Иманжановтың қаламынан туындаған шығармаларынан безендірілген кітап көрмесіне әдеби шолу жасалды.

Осы кеште Баубек пен Мұқан шығармаларының оқушыны сүйсіндіретін, сезіміне әсер ететін, ел мен жер, өмір қызығын, адамгершілік, достық, жолдастық тақырыптарды қозғап, оларды ақиқат, шындық тұрғыда сипаттап беретін сарқылмас рухани қазына,  өшпес мұра екеніне ой түйіндедік.

 Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О. Телпекбаева            19.10.2016

Әлиман, Ж. Тәуелсіздік һәм Тау ұлдары // Орталық Қазақстан. - 2016. - 27 қазан (№ 175). - 6 б.