БАРШАҢЫЗДЫ, БАРШАҢЫЗДЫ!!!
ҚҰРМЕТТІ ЖЫР СҮЙЕР, ӘН СҮЙЕР ҚАУЫМ!
2016 жылдың 25 қазан күні сағат 17.00 де К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрында кітапхана жанынан құрылған «Жыр-жауһар» поэзия клубының 10-жылдық мерейтойына арналған «Жаса мәңгі, жауһар жыр!» атты мерекелік кеш өтеді.
Кеште осыдан он жыл бұрын аталмыш клубтың іргетасын қалап, қабырғасын құрған, бүгінде облысымызға ғана емес, бүткіл республикаға танымал жас ақындар Алмаз Мырзахметов, Қуаныш Медеубаев, Берікбол Амангелдиев, Назерке Түсіпбекова, Панзат Жұмағұлова, Мирас Асан, Рауан Қабидолдин, Дулат Аманжол, Ерқанат Кеңесбеков, Ерболат Қуатбек, Жадыра Байбұланова, Айзада Рақымжанова, Ақмаржан Жорабаева, Кәмшат Хасен, Жәлел Шалқаров, Жәнібек Әлиман, Еркебұлан Ақбергенов, Өміртай Еділхан және т.б. өз өлеңдерін оқып, Ербол Алшынбаев, Бақытжан Рахымжанов, Аман Ахметжанов, Марғұлан Уәлиев сынды жас әншілер поэзия кешін әуелеген әнмен көркемдемек.
Кештің құрметті қонақтары ретінде халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы, аға буын өкілдері Руслан Нұрбай, Бағдат Мүбарак, Серік Сағынтай, Қайрат Асқар, Рахат Әбдірахманов пен дүлдүл әншілер Сейіл Аяған, Дәуренбек Әркенов пен Сержан Мұсайын шақырылып отыр.
Барлықтарыңызды мәртебелі поэзия мерекесінің куәгері болуға шақырамыз!