Құрметті оқырмандар!

 Кітапханамызда ЖАҢА ҮЙІРМЕ жұмысын бастамақ!!!

Қазақтың киелі аспабы домбыра тартып үйренуге ынта-ықыласы бар 7 жастан асқан барша балаларға "Әлқисса" домбыра үйірмесінде қараша айынан бастап тегін сабақтар өтеді. Үйірме аптасына екі рет сейсенбі күні сағат 11.00-де, бейсенбі күні сағат 15.00-де өтеді. Үйірменің шарты – әр шәкірт өз домбырасымен келуі керек.

Үйірменің жетекшісі – әнші, сазгер, республикалық байқаулардың жеңімпазы Амангелді Ахметжанов.

Байланыс телефоны – 87024344466